Бас прокуратура Әблязовтың ұсталғанын растады
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бас прокуратура Әблязовтың ұсталғанын растады

«Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Интерполдың Франциядағы бюросы М.Әблязовтың Францияда ұсталғанын хабарлаған болатын. Әзірге бұл туралы нақты ақпаратты француздар жарияламай отыр. Ақпарат түскен бойда Бас прокуратура хабарлайды», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын БАҚ беттерінде М.Әблязов Францияның Канн қаласында ұсталғандығы туралы ақпарат жарияланған болатын. Марсельдегі аймақтық сот полициясы қызметінің ресми өкілі бұл ақпаратты растады.

Әблязовке БТА Банктен 6 млрд. доллар ұрлады деген айыппен іздеу жарияланған болатын. Бұл іс банк ісі тарихындағы алаяқтықпен байланысты ең ірі әрі ауыр қылмыстардың қатарында. Әблязовке қатысты Ресейде де қылмыстық іс қозғалған.

«Экс-банкир мен оның сыбайластырының қызметіне қатысты Кипр, Венгрия және Латвия құқық қорғау органдары да қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр. Ирландия және Финляндияның өкілетті органдары Әблязовпен қызметтес жергілікті компаниялардың қызметін тексеруге алды», - дейді Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Пікірлер