BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Апатқа ұшыраған пойыз машинистінің желікпе сөзі мен суреті табылды (ВИДЕО)

Өткен жылдың наурыз айында Франсиско Хосе Гарсон Facebook-тегі жеке парақшасында пойыз жылдамдығы 125 мильді көрсеткен (сағатына 200 км-ге жуық) сурет орналастырған. Ол жүрдек пойыз жылдамдығының қаншалықты болу керектігін біле тұра, суреттің астына «полицейлер радарымен түсіріп үлгерсе, бір қуанып қалар едім» деп жазыпты.
Кейінірек, автордың бұл суреті испандық газетте жарияланып, телеарналарда көрсетілгенде қоғамның ашу-ызасын тударған болатын. Артынша Хосе Гарсон өз парақшасындағы суретті өшіріп тастаған.
Естеріңізге сала кетейік, 24 шілдеде Испан темір жолы тарихындағы ең ауқымды апат тіркелді.
Сантьяго-де-Компостела қаласының іргесінде сағатына 80 шақырымдық жылдамдықпен жүруі тиіс бұрылыста 190 км-сағаттық жылдамдықпен жүйткіп кеп, шойын жол доңғалағы рельстен шығып кеткен еді. Салдарынан 80 жолаушы мерт болып, 178 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Ал пойыз машинисті аман қалып, ауруханада жатқан жерінің өзі қатаң күзетпен бақылауға алынды.
 

Пікірлер