Қазақстандағы 11 миллионыншы қазақ ОҚО-да дүниеге келді
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандағы 11 миллионыншы қазақ ОҚО-да дүниеге келді

2012 жылдың 28 желтоқсанында туған 11 миллионыншы қазақ - Мұхтар Абдрахым  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданының АХАТ мекемесімен тіркелген. Нәрестенің туғандағы салмағы 3258 граммды құрады, ал бойы – 52 см.
Нәрестенің ата-анасы Қазығұрт ауданының Қарабау ауылында тұрады: анасы – Күдірбекова Шолпан Бақытжанқызы – мұғалім, 1984 жылы туған, әкесі – Бадамбаев Мәлік Абдрхымұлы – ауыл шаруашылығымен айналысады, 1979 жылы туған.
Агенттік мәліметінше, Қазақстанда 2013 жылғы 1 сәуірге нақтыланған халық саны 16967 мың адамды құрады, қазақтардың саны 11058 мың адам немесе 65,2%, орыстар – 3698 мың адам (21,8%), өзбектер – 511 мың адам (3%), украиндар – 306 мың адам (1,8%), ұйғырлар – 243 мың адам(1,4%), татарлар- 203 мың адам(1,2%), немістер- 182 мың адам (1,1%) және басқа этностар - 766 мың адам (4,5) құрады
Қ.Жұмағалиұлы
 

Пікірлер