BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Экономист Бриклин Дуайер: «Қазіргі күй уақытша, бірақ жылдың екінші жартысы күрделене түседі...»

Өнім беруді басқару институтының (ISM) мәліметі бойынша наурыз айындағы көрсеткіш 51,3 бағанды құраған екен. Сол кездің өзінде «Bloomberg» агенттігінің жүргізген сауалнамасы негізінде сарапшылар 50,5 бағанға дейін төмендеуі мүмкін деп болжаған болатын. Индекс көрсеткішінің 50 бағанға дейін құлдырап, шегінен шығуы өндірістік саладағы іскерлік белсенділікті арттырудың белгісі болып табылатын көрінеді. Ал бұдан да төмен түсетін болса, онда оның құлдырауы деп айтуға тура келеді.
Өндірістік саладағы жағдайдың мұншалықты күрделенуі азық-түлік қорының тапшылығы мен бюджеттік шығындарды қысқартудың әсерінен орын алады. Дегенмен, көптеген кәсіпорын, компаниялар жылдың екінші жартысында сұраныс күшейіп, американдық тұтынушылар салықтың жоғарылауынан зардап шегеді деп санайды. Ал Еуропа болса экономиканы қалпына келтіру күресін жалғастыра түсетін болады.
«Бізде қазіргі таңда дауыл алдындағы тыныштық орын алуда» - дейді Нью-Йорктегі «BNP Paribas» компаниясының экономисті Бриклин Дуайер. Оның айтуынша, бұл тұтыну мен бизнес және үкіметтік шығындарды үнемдеу арқылы экономиканы кері айналдыруға бағытталған шаралар. Қалай болғанда да қазіргі жағдай уақытша» дейді ол.

 

Пікірлер