BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«100 жаңа есiм» жобасына дауыс бергендер саны бiр қаламен теңестi

«100 жаңа есiм» жобасына дауыс беруге 342 мың адам атсалысты. Бұл Тараз қаласы тұрғындарының санына тең. «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов Қоғамдық кеңес отырысында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Биылғы 5-шi маусым - 15 қыркүйек аралығында сайтқа 2 112 өтiнiш iрiктелiп, жарияланды. Ал 15 қазанда басталған онлайн дауыс беруге 302 үмiткер өттi. Атқарылған үлкен жұмыс нәтижесiнде бiр айға жуық уақытта 342 мың қазақстандық дауыс беруге атсалысты. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл көрсеткiш Тараз қаласының тұрғындарының санына тең. Жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесiнде 102 үмiткер iрiктелiп, 1 желтоқсан күнi Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге қатысты», - дедi Кочетов.

Оның айтуынша, «100 жаңа есiм» жобасы бойынша жұмыс ендi басталды. Алдағы уақытта жоба қатысушылары туралы кiтаптар, брошюралар шығарылып, деректi фильмдер түсiрiледi. Сондай-ақ, олардың қатысуымен түрлi кездесулер мен жиындар өтедi.

«Яғни, бұл тұлғалардың есiмдерi тарихта қалып, бүкiл қазақстандықтарға үлгi болады. Жақында олар туралы ел iшiнде ғана емес, шетелде де бiле бастайды», - деп түйiндедi Евгений Кочетов.

Атап өтсек, бүгiн Ақпарат, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және мемлекеттiк қызметтердi көрсету салаларын дамыту мәселелерi бойынша Қоғамдық кеңес отырысы өтiп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер