BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жоғарғы білім еңбек нарығының талабына толығымен жауап бермейді – Сағадиев

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Заң жобасының мақсаты - 100 нақты қадам ұлт жоспарының 78-қадамын орындау. Онда Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кезең-кезең бойынша кеңейту көзделген. Заң жобасында 1 кодекске және 3 заңға өзгерістер енгізу қарастырылған», - деді ведомство басшысы.

Ол заң жобасы ЖОО қызметінің басты үш бағыты академиялық, басқару және қаржы қызметін реттейтінін айтты.

«Академиялық дербестік дегеніміз ЖОО академиялық мазмұнды өздері анықтайды және оларға оқу сапасын жақсарту бойынша құзырет беріледі. Бұл мәселе білікті кадрлар даярлауды және жаңа кәсіптерді қажет ететін жаңа экономикаға көшу кезеңінде маңызды. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде жоғарғы білім еңбек нарығының талабына толығымен уақытылы жауап бермейді. Мысалы, тарих-география мамандығы ауыл мектептері үшін қажет болуына байланысты осы мамандықты ашпақ болғанбыз. Қазіргі заңнамаға сәйкес ол үшін екі жыл қажет болады. (...) Ал нарық бүгінде жылдам өзгеруде. Осыған байланысты аталған факторлар жойылып НУ тәжірибесіне сәйкес тәртіп енгізледі. Ол халықаралық тәжірибе. Мысалы, қазіргі уақытта Путиннің ұсынысымен ІТ мамандықтарға арналған бакалавриатты 2,5 жыл ішінде даярлауға болады», - деді Сағадиев Парламент мәжілісінің жалпы отырысында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер