BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жарты жылда 1 миллиард теңгеге жуық алимент өндірілді – Әділет министрлігі

Фото: Бауыржан Жуасбев

Тиісті шаралар проблемалық алименттердің 10%-ға төмендеуіне оң әсерін тигізді. Нәтижесінде, жарты жылдың қорытындысы бойынша 3 800 проблемалық өндірістен 1 миллиард теңгеге жуық алимент өндірілді. Бұл туралы Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Түскен өтініштердің жартысын құрайтын, азаматтар тарапынан үнемі шағым тудыратын өндірістің әлеуметтік маңызды санаттарының бірі – алиментті өндіруге аса көңіл бөлінеді. Министрлік Республикалық жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесе алимент төлемеушілерге өндіріп алудың барынша кешенді мәжбүрлі шараларын қабылдау жұмысын ұйымдастырды, сондай-ақ жұмысты оңтайландыру мақсатында бірқатар шаралар қолданылып, арнайы орындар құрылды», - деді ол.

Осы орайда вице-министр атқарылған жұмыстардың қорытындысын айтты.

«Жалпы бұл проблемалық алименттердің 10%-ға төмендеуіне оң әсерін тигізді. Нәтижесінде, жарты жылдың қорытындысы бойынша 3 800 проблемалық өндірістерден 1 миллиард теңгеге жуық алимент өндірілді», - деді ол.

Сонымен қатар Жанат Ешмағамбетов сот орындаушыларына түсетін арыздардың өткен жылмен салыстырғанда азайғанын айтты.

«Сот орындаушыларға қатысты Министрлікке келіп түсетін шағымдардың саны азайды. Мысалы, 2016 жылдың 6 айы ішінде 805 негізді арыз келіп түссе, ағымдағы жылдың дәл осы кезең қорытындылары бойынша арыздар саны 3 есеге дерлік азайды (337). Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің тәжірибесі көрсеткендей, тиімділік деңгейі мәжбүрлеп орындау үрдістерінің ақпараттық және цифрлық технологиялармен қамтамасыз етілуіне тәуелді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бүгінгі күні сот орындаушылары 26 мемлекеттік органдардың 52 дерек базасынан жедел және тиімді түрде ақпарат алуда», - деді вице-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер