BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаңа салық кодексі салықтық дауларды әділ қарауға мүмкіндік береді – Тимур Сүлейменов

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 44 және 45-қадамдарында, 2015 жылғы 30 қарашадағы және 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында әрі 2017 жылғы 3 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларын орындау шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі салалық министрліктермен және «Атамекен» палатасы бірлесіп, бизнес қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимылда жаңа Салық кодексінің жобасын әзірледі. Жалпы Кодекс жобасында идеологияны өзгерту, ынталандыруды енгізу және әкімшілендіруді жеңілдету көзделген. Идеология адал салық төлеушілерді қорғауға бағытталатын болады. Әкімшілендіру жеңілдетіледі және салықты өз бетінше төлеуге ынталандырады», - деді ол.

Сонымен қатар Ұлттық экономика министрі аталған заң жобасында ең маңыздысы салық төлеушілердің мүдделері қорғалатынын айта келе, заң жобасындағы бағыттарға тоқталды.

«Біріншіден, барлық түсініксіз жерлері мен қателер салық төлеушінің пайдасына шешілетін болады. Мұндай қағидат салықтық дауларды әділ қарауға мүмкіндік береді. Екіншіден, егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет еткен болса және соның салдарынан ұстаным өзгерген болса, айыппұлдар мен өсімпұлдарды қолданбау ұсынылады. Үшіншіден, толық есепке жазу негізділігіне талап та күшейтілетін болады. Енді салықтық тексеру актілерінде тиісті негіздемелер болуы тиіс. Төртіншіден, бизнеске заңнамадағы өзгерістерді зерделеуге көбірек уақыт беріледі. Түзетулерді 1 шілдеден кешіктірмей қабылдау ұсынылады. Бесіншіден, жыл бойы көптеген түзетулерден қорғау пайда болады. Барлық туындаған түзетулерді шоғырландыра отырып бір заң жобасымен енгізу ұсынылып отыр. Бұл бизнестің салық кодексіндегі барлық өзгерістерден хабардар болуына мүмкіндік береді», - деді министр.

Сөз соңында Тимүр Сүлейменов аталмыш жаңа кодекстің құрылымы да өзгеретінін атап өтті.

«Сонымен қатар Салық кодексінің құрылымы да өзгереді. Әрбір бөлім дербес көрсетіледі. Яғни, салық төлеушінің әр типіне қарай өз бөлімі болады», - деді ведомсво басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
Пікірлер