BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жамбыл облысында жастар саясатын жүзеге асыруға 424,5 млн. теңге бөлінді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Құралбаев Еркебұлан Есенғалиұлының брифингі өтті. Брифингте Ұлт жоспары «100 нақты қадамы» мен жастар саясатының орындалу барысы айтылды. Брифинг барысында журналистер көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Еркебұлан Құралбаевтың сөзіне сүйенсек, бүгінгі күні облысымызда 14 пен 29 жас аралығында 277 674 жас бар. Яғни, жастар жалпы облыс халқының 25,3 пайызын құрап отыр. Оның ішінде қалада - 108 731 адам (Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу), ауылдық елді мекенде - 169 043 жас тұрады. Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі де жыл санап артып келеді. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатына жалпы 424,5 млн.теңге қаржы бөлінсе, оның аудандар мен Тараз қаласына 317,7 млн.теңгесі тиесілі. Ал, басқармаға жергілікті бюджеттен 106,8 млн.теңге қаражат бөлініп отыр»,- деді Е.Құралбаев.

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 18,0 млн.теңгеге 10 бағытта әлеуметтік маңызы бар жобалары қаржыландырып, Тараз қаласы мен аудандарда 40,7 млн.теңге қаржы қарастырылып, 46 бағытта жұмыстар жүргізу көзделуде»,-деді спикер.

Бүгінгі таңда облыс аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу мақсатында барлығы 262 маманды құрайтын 12 «Жастар ресурстық орталықтары» (1 облыстық, 1 қалалық және 10 аудандық) жұмыс істейді.

«Жыл басынан арнайы қалыптастырылған критерийлер бойынша Тараз қаласы мен аудандарда мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына рейтингтік бағалау жүргізіліп келеді. І тоқсан қорытындысы бойынша жоғары сатыдан көрінген Талас, Шу, Т.Рысқұлов аудандарында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы жоғары деңгейде жүргізіліп жатқандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде өткізілген Кеңестердің нәтижесінде ағымдағы жылдың үшінші онкүндігінде бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс әкімі К.Көкрекбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өткізілмек»,-деп айтты басқара басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер