BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Төле би ауданында түрлі бағытта 58 жоба жүзеге аспақ

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысын баяндаған Төле би ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, биыл ауданда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм бағытында құны 5 млрд. 700 млн. теңге болатын 58 жоба анықталып, жүзеге асырылмақ. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында 20 жоба, өнеркәсіп бойынша 7 жоба, туризм саласында 3жоба, ал шағын және орта бизнес саласында жеке кәсіпкерлер есебінен сомасы 861 млн. теңге болатын 28 инвестициялық жобалар іске қосылу жоспарлануда. Нәтижесінде 525 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Аталған жобалардың бірқатарына тоқталған аудан әкімі кәсіпорындар іске қосылып жұмысын бастаса, ауданның экономикасының дамуына септігін тигізіп, жергілікті азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтты.

Яғни олардың бірі күн көзінен электр қуатын алатын 10 мВт электростанция құрылысы болса, «Балмұздақ» ЖШС-нің қосымша шоколад өндейтін цехы болып отыр. Осы сынды ірі жобалардың бірі ол инвестиция құны 500 млн. теңге болатын 61 га жерге қарқынды бау егілгені. Туризм бағытында іске асып, осы жылы пайдалануға берілетін жобалар олар «Тау самалы» демалыс аймағындағы емдеу корпусы мен «Изуми» демалыс аймағының құрылыстары болып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер