BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Сотталғандарға білім беру үшін 55 млн теңге бөлінді

Фото: Караван

Елбасының Ұлт Жоспарының 33 қадамын орындау мақсатында бір жыл бұрын Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік
оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бекітілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Стратегия шеңберінде «Қақпа алдында кездесу» жобасы іске асырылды, сотталғандардың отбасыларымен бейнекездесулер, азаматтарды қайта әлеуметке қосу процесіне волонтерлер белсенді тартылды. Сотталғандарды қайта әлеуметке қосу саласындағы ҮЕҰ және қоғамдық бірлестіктермен 292 меморандум жасалды, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жалпы сомасы 55 млн.теңгеге 15 шарт жасалған.

Алматы және Павлодар облыстарында оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сотталғандардың білім алуы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруы жоспарланып отыр. Осы оқыту білім берудің тек дәстүрлі жүйесінің жағдайымен ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялар пайдаланылатын болады. Бір сөзбен айтқанда, сотталғандарға жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқуға мүмкіндік берілетіні жоспарланып отыр. Сотталғандарды
оңтайлы оқыту нысаны интернет және кейс-технологиялар арқылы қашықтықтан оқыту болып табылады.

Осы және басқа да мәселелер, сондай-ақ оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сотталғандардың білім алуы жөніндегі жоба мәселесін қарастыру үшін бүгін Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері және осы университет комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Отырыста әлеуметке қосудың негізгі факторы болып білім және мамандық алу, жұмысқа орналасу екендігі атап өтілді. Сотталғандарды қайта әлеуметке қосу – бұл көкейкесті мәселелердің бірі, оның шешімі тек құқық қорғау органдары емес, нақты мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тәуелді. Бұл жағдайда Білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орны.

Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан осы тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін ойлап шығарды. Бұнда басты элемент болып ҚАЖ мекемелерінде оқыту жүйесі, яғни барлық азаматтары үшін еңбек нарығындағы талаптарды, бәсекеге қабілеттілік, құзыреттілік, қойылған міндеттері шеше білу қабілеттілік ескеріледі.

Жобаны әзірлеуге мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық және Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдік атынан шетелдік сарапшылар, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті тартылған.

Пилот ретінде Алматы облысының Заречный кентіндегі ЛА-155/8 және Павлодар қаласында орналасқан АП-162/3 мекемелері белгіленген.

Жоба өз жұмысын 2018 жылдың 1-ші тоқсанында бастайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер