BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Прокурордың 100 практикалық кеңесі жинағы әрбір азаматқа көмектесуге арналған

Бас Прокурор Жақып Асанов азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тарту үшін бірқатар ұсыныстар енгізгенін айтты.

«Әркімді өзінің жеке қауіпсіздігі, туыстары мен жақындарының қорғалуы, сондай-ақ меншігінің сақталуы алаңдатады.Алайда кейбіреулерін көршілерінде, кіреберісте, ауласында не болып жатқандығы алаңдатпайды. Бұл біздің кінәміз. Демек, біз тәртіптің полицияға ғана байланысты еместігіне көздерін жеткізе алмағанбыз. Бұл жерде әркімнен кез-келген дабыл маңызды. Мұндай хабар біреудің өмірін сақтап қалуға, қылмыстың жолын кесуге, ұрыны ұстауға көмектесуі мүмкін», – дейді Ж. Асанов.

Осы орайда ведомство прокурордың 100 практикалық кеңесін дайындап жатқан көрінеді.

«Онда азаматтар үшін нақты өмірдегі жағдайлар бойынша ұсынымдар. Мәселен, қалай алаяқтың құрбаны болмауға болады? Егер тексерумен келсе не істеу керек? Мемлекеттік органдарда шағымдарды қалайша қадағалау керек? Академияға ұсыныстарды жинап, осы кеңестерді жинақ ретінде ресімдеп, Интернет арқылы таратуды тапсырамын»,-деді Бас Прокурор.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер