BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО-да «Дипломмен ауылға» жобасы асында 1478 маман баспаналы болды

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жамболат Олжатай хабарлады.

Баспасөз мәслихатында «100 нақты» қадам Ұлт жоспарының орындалуын мәлімдеген баяндамашы Елбасының жыл сайынғы Жолдауында еліміздің жас азаматтарына үлкен назар аударылып келетінін айтты.

«Елімізде іске асырылып келетін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында яғни, 2009-2015 жылдар ішінде 4 226 маман 496,2 млн. теңге сомасында көтерме жәрдемақымен қамтылған. Осы жылдар ішінде бағдарлама шеңберінде 3,2 млрд.теңге бюджеттік кредит бағытталып, нәтижесінде 1 338 маман баспаналы болды. Ал жыл басынан бері 445,4 млн.теңге сомасында бюджеттік несие бағытталып, 140 маман тұрғын үймен қамтылды»,- деді Ж.Олжатай.

Брифингте мәлім болғандай 2016 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы негізінде 699 маманға 103,8 млн.теңге көтерме жәрдемақы мен 954,5 млн.теңге бюджеттік кредит бөлу жоспарлануда. Нәтижесінде 300 маман баспаналы болады деп күтілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер