BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО соты мен облыс әкімдігі арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында татуласу рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты жағдайда қол қойылды.

Іс-шараға өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов, облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялар қатысты.

Өз кезінде облыс әкімі аталған құжаттың маңыздылығын айтып, оны бекіту қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге ықпал ететінін және дауларды сотқа дейінгі реттеп, қолайлы құқықтық орта туғызудың қоғамдық-саясилығын атап өтті.

Жиында сөз алған облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов бүгінгі жүзеге асып жатқан ынтымақтастық туралы меморандум Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған идеяларына толықтай сай екендігін жеткізді. Меморандум аясында тараптар көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді ынтымақтаса отырып, жүзеге асыратындарын айтты.

Қол қою рәсімінен соң қонақтар Шымкент қаласының Әл-Фараби және Қаратау аудандық соттарының ғимараттарын аралап көрді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер