BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күдiктiнi сот санкциясынсыз қамауда ұстау уақыты қысқартылмақ

Күдiктiнi соттың санкциясынсыз қамауда ұстау уақыты 72 сағаттан 48 сағатқа қысқартылуы мүмкiн. Бұл туралы ОКҚ брифингi барысында Жоғарғы соттың қылмыстық iстер бойынша сот алқасы төрағасының мiндетiн атқарушы Ерден Әрiпов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiн құқық қорғау органдары, сот және басқа мемлекеттiк орган өкiлдерi құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық процестi реформалаудың негiзгi жолдарын талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен реформа жүргiзудiң жолдарын нақтылау үшiн ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына Жоғарғы соттың, Әдiлет министрлiгiнiң, құқық қорғау және арнайы органдардың бiрiншi басшылары кiрдi.

«ҚПК-нің 131-бабының 4-бөлігіне сай, күдіктіні соттың санкциясынсыз 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады. Кейбір елдерде бұл мерзім 24 сағатқа, басқаларында 48 сағатқа дейін шектелген. Талқылау барысында 48 сағатқа тоқталу жөнінде келісілді. Сонымен қатар, ерекше жағдайларда 72 сағатқа дейін ұстау өзгерiссiз қалады. Тағы бір тоқталатын жағдай - ол қамау түріндегі бас бұлтартпау шарасы қолдану негіздерін қысқарту. Бұл тұрғыда Жоғарғы Соттың кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша қамауды қолданбау туралы ұсынысы қолдау тапты. Бұл әрине ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық қауымдастықтарға тарамайды», - дедi Әрiпов.

Атап өтсек, жұмыс тобы Мемлекет басшысы белгiлеген бағыттар бойынша нақты ұсыныстар әзiрледi. Заң жобасы бойынша жұмыс ендi ғана басталды. Жоба дайын болғаннан кейiн халықпен жан-жақты талқыланады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер