BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

КСРО кезінен санаға сіңіп кеткен статистикаға жұмыс істеуді доғару керек – Ж. Асанов

Бірінші жартыжылдықтың қорытындыларына арналған Бас прокуратура алқасының жиналысында Жақып Асанов прокуратура органдарының жұмысын бағалаудың ұстанымдарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін айтты.

«Статистикаға жұмыс істеуге үйреніп алдық. Цифрлардың астынан адамдарды көрмейміз. Бұл кеңестік кезеңнен бері әріптестеріміздің санасына сіңген. Бұл барлығына ыңғайлы. Көрсеткіштерді суреттеп салу оңай. Миымызды талдаумен жүктемейміз. Шағын ғана өсім жақсы жағдайдың көрінісін ғана береді. Ал егер өсім болмаса, айла-амалдар жасалады. Сондықтан профилактика жүргізуге ешкім мүдделі емес. Мұны түбегейлі өзгерту керек. Қызметкер әрбір іс, шағым үшін жеке жауаптылықты сезінуге тиіс. Әрбір прокуратурада екі тізілім енгізуден бастайық. Біреуі - анық бұзушылықтар. Екіншісі – оң тәжірибелер тізілімі. Өзін көрсеткен, бастама білдірген және үлгі болғандар – «үздіктер» тізііміне. Ал мемлекеттік айыптауды сапасыз қолдағандар, істі нашар қарап, шағымға нашар жауап бергендер – «екіліктер» тізіліміне. Басшылар да қалыс қалмайды, қарамағындағылар бойынша бағаланатын болады»,–деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер