BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Келімбетов АХҚО-ның халықаралық таныстырылымы қашан өтетінін айтты

2017 жылдың желтоқсан айында «Астана» қаржы орталығының халықаралық таныстырылымын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте аталған орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз құжаттарды қабылдауды жылдың аяғына дейін жүргіземіз. Ал ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Астана» қаржы орталығының халықаралық таныстырылымын өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар басшы «Астана» халықаралық қаржы орталығының ғимараттары «ЭКСПО-2017» көрмесінің қай бөлігінде орналасатынын тілге тиек етті.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы «ЭКСПО» аумағында реконструкция жүргізгеннен кейін осы аумақта орналасатын негізгі компаниялардың бірі боламыз. Елбасы «ЭКСПО» көрмесіндегі халықаралық №3,4 павильондар яғни «Мega Silk Way» ойын-сауық орталығының жанында орналасқан ғимараттарда біздің негізгі институттар орналасады», - деді Қайрат Келімбетов.

Айта кетейік, Қайрат Келімбетов «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағы заманауи үлгіде технологияларды қолданатын орталыққа айналатынын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер