BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда анықталған контрабанда көлемі 3 млрд теңгеден асты

Қазақстанда 2018 жылдың І тоқсанында бекітілген контрабандалық тауардың сомасы 2017 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда екі есе артты. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомстводан хабарлағандай, өткен жылдың қаңтар-наурыз айында 1,7 млрд теңгенің заңсыз тауары анықталса, ағымдағы жылы ол 3,3 млрд теңгеге дейін артты.

«Тауарлардың экономикалық контрабандасы көбіне Қытайдан әкелінеді. Сонымен қатар, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Иран, Балтық елдері (Латвия мен Ливи) және өзге де мемлекеттерден контрабандалық жолмен тауар әкелінеді», - делінген комитеттің хабарламасында.

Комитеттен толықтырып кеткендей, Қазақстаннан «контарбандалық» тауарлардың экспорты кезінде бірқатар қылмыстық іс тіркелген. Сонымен, 2017 жылы мемлекеттік кірістер органы кеден саласында 155 қылмыстық істі тіркеді, ал 2018 жылдың I тоқсанында 36 іс тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана елімізде алғаш рет электрондық декларациялау жүзеге асырылып, енгізілді. Электрондық декларациялау сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына үйден немесе офистен шықпай-ақ, әлемнің кез-келген нүктесінен кедендік декларацияны тапсыруына мүмкіндік береді (логині және электронды-цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда).

«АСТАНА-1» АЖ Ұлт жоспарының 38-қадамын жүзеге асыру шеңберінде электрондық декларациялауды дамыту мақсатында әзірленіп, енгізілді. Жаңа ақпараттық жүйе ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттарға және озық тәжірибелерге сәйкес әзірленген, экспорт және импорт үшін құжаттар көлемін, сондай-ақ оларды өңдеу уақытын қысқартуға, басқаша айтқанда, кедендік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік береді», - делінген комитеттін хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер