BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Еуразия экономикалық кеңістігіне халықаралық қаржы орталығы қажет – саясаттанушы

Еуразия экономикалық кеңістігі нарығына халықаралық қаржы орталығы қажет. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте саясаттанушы, «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма мүшесі, басқарушы директор Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Астана» халықаралық қаржы орталығына қызығушылық өте жоғары. Себебі, қазіргі таңда Қытай Халық Республикасы қолға алған «Жібек жолы» стратегиясы жаңа үлкен нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан осы нарыққа барлығы қызығушылық танытуда. Сонымен қатар үлкен Еуразия кеңістігінде арнайы мамандандырылған қаржы орталығы жоқ. Қазіргі таңда ең жақын қаржы орталықтары Шанхай, Стамбул, Мәскеу. Ал ортада 2000-3000 шақырым кеңістік бос. Сондықтан «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудың орайы келіп тұр. Біз осы орталықты құрған жағдайда Қытай, Еуропа, ТМД елдері де бір қаржы платформасына ие болады», - деді ол.

Сонымен қатар басшы аталған қаржы платформасына батыстың инвесторлары қызыға қарап отырғанын алға тартты.

«Осы қаржы платформасына Еуропа, Солтүстік Америка инвесторлары қызыға қарап отыр. Біз оларға бәсекелес емеспіз. Бірақ жаңа «Ұлы Жібек жолы» мен Еуразия экономикалық кеңістігінің нарығына осындай қаржы орталығы қажет», - деп түйіндеді сөзін «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма мүшесі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер