BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елімізде прокурордың сотқа қатысуы 7,8%-ға қысқарды – Жоғарғы сот

Фото: Бауыржан Жуасбев

Қазақстанда прокурордың сотқа қатысу дерегі азаюда. Мысалы, елімізде прокурордың сотқа қатысуы 7,8 пайызға қысқарды. Бұл туралы Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Нұрсерік Шәріповтың айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес Жоғарғы сотқа барлығы 10 қадамды іске асыру жүктелген. Нәтижесінде аталған 10 қадамның барлығы 2015-2016 жылдары табысты іске асырылған.

«Соттардағы азаматтық істердің жалпы өту мерзімі 2 есеге қысқарып, олардың 83,5 %-ы бірінші сот отырысында аяқталған. Бұйрықтық өндірістегі істердің саны 25 %-ға, дауларды шешудің балама әдістерін қолдану арқылы аяқталған істер үштен бірге, ал медиацияны пайдалану арқылы аяқталған істер 1,6 есеге ұлғайған», - деді департамент басшысы.

Осы орайда Нұрсерік Шәріпов тағы да бірқатар көрсеткіштерге тоқталды.

«Азаматтық істердің 62,5 %-ы тараптарды сотқа шақырмастан-ақ жеңілдетілген өндірістік тәртіппен қаралады. Прокурорлардың сотқа қатысуы 7,8 пайызға қысқарды. Қылмыстық сот өндірісінде келісімге келу өндірісінде қаралған істердің саны 43 %-ға, қысқартылған тәртіппен қаралған істер 3,5 есеге артты. Медиацияны қолдану арқылы аяқталған істер 2,5 есеге көп болды», - деп түйіндеді сөзін ҚР Жоғарғы сот өкілі.

Еске сала кетейік, сонымен қатар алдағы уақытта елімізде тек 303 мемлекеттік сот орындаушы қалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер