BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Электронды үкімет адам өмірін бақылайтын болады

Астана. 7 маусым. Baq.kz – Бүгінгі таңда электронды үкіметті (қазіргі «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы) дамытудың келесі кезеңі әзірленіп жатыр. Соның аясында электронды үкімет жүйесі адам өмірінің сан алуан жағдайларын өзі бақылып, тиісті мемлекеттік қызметті ұсынатын болады. Қазақстан азаматы ол қызметті растаса болғаны, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ Әлібек Иргалиевтің айтуынша, қазіргі кезде бес мемлекеттік органда трансформация бойынша арнайы кеңселер ашылып отыр. Негізгі мақсат – қосымша мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру.

«Қазіргі кезде нақты қызмет түрлері анықталды. Енді, техникалық жағынан оларды аралас түрде қолдану мәселесін шешу керек. Мәселен, адам зейнеткерлікке шықса, ол бірден қандай қызметтерді пайдалануы тиіс? Тіркеуге тұрып, банк карточкасын алуы қажет. Осыған байланысты зейнетақы төлеу орталығынан тиісті мәліметтер түсуі керек және тағысын тағы. Міне, адам осы қызметтерді бөлек-бөлек емес, бірден алуы қажет. Ол үшін барлық мемлекетік қызметтер аралас түрде жұмыс істеу тиіс. Осының барлығы электронды түрде атқарылуы шарт», - дейді Ә.Иргалиев.

Сол сияқты жұмыссыз қалған азаматтардың барлық мәліметтері тіркеп, оларды сан алуан мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмысқа тұрғызу тетіктері де әзірленбек. Бұдан бөлек, баланы мектепке рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша тиісті шараларды іске асыру жоспарланған. Бір сөзбен айтқанда, электронды үкімет адам өмірінің сан алуан жағдайларын өзі бақылып, тиісті мемлекеттік қызметті ұсынатын болады. Қазақстан азаматы оған өз келісімін беріп, пайдалана алады


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер