BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Борышкерлер сот орындаушымен байланысқа шықпай-ақ қарыздарын төлей алады – Әділет министрлігі

Фото: Бауыржан Жуасбев

Борышкерлер қарыздарын бес халықаралық әуежайда орналасқан терминалдар арқылы, әрі Қазпоштаның барлық кассалық бөлімшелері арқылы төлей алады. Яғни аталған функция оларға сот орындаушысымен байланысқа шықпай-ақ қарызды төлеуге мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен Жанат Ешмағамбетов тиісті мемлекеттік органдарда қағазбастылықтан құтылу үшін жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

«Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бүгінгі күні сот орындаушылары 26 мемлекеттік органдардың 52 деректер базасынан жедел және тиімді түрде ақпарат алуда. Бұл түрлі қағаз толтырулар мен ақпарат күту уақытын елеулі түрде қысқартады. Сондай-ақ, жұмыс істейтін ақпараттық жүйе мүлік, мәмілелер, құқықбұзушылықтар, соттылық, көлік жүргізу куәлігін алу, нотариаттық әрекеттер туралы және өзге де мәліметтер береді. Атқару құжаттарын электрондық форматта алу және соттың қаулыларын электронды түрде санкциялау бөлігінде Жоғарғы сот және Ішкі істер министрлігі ақпараттық жүйелерімен бірігу жүзеге асырылған», - деді ол.

Сонымен қатар Әділет министрінің орынбасары борышкерлерге қарыздарын төлеу үшін тиісті жағдайдың жасалып жатқанын алға тартты.

«Атқарушылық іс жүргізулер бойынша қарыз сомасын бес халықаралық әуежайда (Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Ақтау) орналасқан терминалдар және Қазпоштаның барлық кассалық бөлімшелері арқылы төлеу мүмкіндігі іске асырылады. Аталған функционал борышкерлерге сот орындаушысымен байланысқа шықпай қарыз сомасын төлеуге мүмкіндік берді. Жүйе өндірісті автоматты түрде тоқтатады және шығуға қойылған шектеуді 30-40 минут ішінде шешеді», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер