BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бір судья күніне 7 қорытынды шешім қабылдайды

Фото: ашық дереккөзден

Әрбір судья орта есеппен 7 қорытынды шешім қабылдайды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов әріптестеріне арнаған үнденуінде айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз арқылы миллиондаған адамдар мен бизнестің тағдыры өтеді. Өткен жарты жылда аудандық, қалалық судьялар 1,8 млн. 800 мың іс пен материалды шешкен. Жұмыс күндеріне бөлсек, әрбір күн судьялар нақты қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен материалдар бойынша 13,5 мың шешім қабылдады деген сөз. Әрбір судья орта есеппен 7 қорытынды шешім қабылдайды. Жоғарғы Сотта 8 182 шешім қабылданған. Күніне – 67 деген сөз. Бұл күрделі, көпэпизодты істер», - деді Жақып Асанов.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот төрағасы әріптестеріне түсетін салмақтың анағұрлым екенін де алға тартты.

«Рас, сіздерге түсетін салмақ анағұрлым. Әсіресе, Алматыда, Астанада, басқа ірі қалаларда. Бір судьяға айына 300-ге дейін іс. Сіздердің қандай ауыр режимде жұмыс істеуге тура келетінін қорытынды кеңесте айттым. Қызмет бабына орай әрдайым даудамайдың ортасында жүреміз. Сол себептен судьяларды сот төрелігіне қатысты емес артық, қажетсіз жұмыстан босату үшін түзетулер әзірлеп жатырмыз», - деп сендірді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер