BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бас прокуратура өз құрылымын қайта қарайды

Бірінші жартыжылдықтың қорытындыларына арналған Бас прокуратура алқасының жиналысында Жақып Асанов прокуратурада құрылымдық өзгерістер болатынын мәлімдеді.

«Біз консервативті және жартылай жабықпыз. Бірақ айналамызда бұрын барлығы өзгеріп кеткен. Елбасы атап көрсеткендей, құқық қорғау жүйесі кеңестік кезеңнің құндылықтарына жүгінеді және қоғам сұраныстарына жауап бермейді.Сондықтан құрылымды үш блокқа бөлеміз. Бірінші. Қоғаммен байланыс. Басымдықтарды халықтың сұраныстарын негізге ала отырып айқындаймыз. Дәл осы қоғам – біздің жұмысымызға тапсырыс беруші. Екінші блок. Алдын алу. Біз бұзушылықтар мен жазалауды анықтауға дағдыланғанбыз. Алдағы уақытта бұзушылыққа жол бермеуге күш саламыз. Үшінші. Бұл жедел бөлімшелер. Олардың міндеті - тергеу, соттарға қатысу, өтініштермен жұмыс, қадағалап тексеру»,– деді Ж.Асанов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер