BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы облысында шағын және орта бизнестен түсетін түсім көлемі артып келеді

Түрлі мемлекеттік түсімдердің ел экономикасын дамыту және тұрақтандыру барысында маңызы зор. Олар қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Сондықтан Алматы облысының қазынасына түсетін барлық мемлекеттік түсімдер де құрамында 1330-ға жуық қызметкері бар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жіті назарында.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы бақандай 9 қадам мемлекеттік кірістер органдарына тікелей қатысты. Осы саяси құжаттағы 41-қадамда «Мүлікті және қаржыны заңдастыру ресімдерін оңайлату» туралы айтылған. Былтыр мүлікті заңдастыру жүйесін оңтайландыру ережесі күшіне енгелі бері Жетісу өңірінде бұл бағытта оң нәтиже байқалады.

Мәселен, мүлікті заңдастыру туралы акция басталған 2014 жылы Алматы облысы бойынша бағалау құны 108,2 млн. теңгені құрайтын мүлікті жария етуге бар болғаны бір өтініш түскен болатын. Ал, 2015 жылдың желтоқсанынан бастап өтініш берушілер қатары артқан. Нақтырақ айтсақ, 2015-2016 жылдар аралығында 36 өтініш қаралып, 6,2 млрд. теңгенің мүлкі заңдастырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Таукен Ошақбаев мәлімдеді.

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес саласы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуы жолындағы негізгі тетіктердің бірі болып отыр. Сондықтан елімізде кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету көкжиегі жылдан жылға кеңеюде. Нәтижесінде бюджет бүйірі де тоғайып келеді. 2014 жылы шағын және орта бизнес саласы бойынша қазынаға 25,4 млрд. теңге түскен болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 30 млрд. теңгеге жеткен. Ал, үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында бюджетке 24,2 млрд. теңге түсім түскен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер