BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:
Басты бет > Мәдени орталықтар >

Ә. Қастеев атындағы ҚР-ның Мемлекеттік өнер музейі

Сонымен қатар суретшінің көрмесі Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және республиканың облыс орталықтарында өткізілді. Жаркентте Ә. Қастеев атындағы көркемсурет музейі ашылса, Чижин ауылында Ә. Қастеев атындағы саябақ ашылды.

2005 жылдың қаңтарында Әбілхан Қастеевке Алматы қаласының әкімі И. Н. Тасмағамбетовтың және қала басшылығының тікелей қаржылық қолдауымен ескерткіш ашылды.

Бүгінде Ә. Қастеев атындағы МӨМ еліміздегі бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет музейі болып табылады. Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады. Қазіргі таңдағы музейдің қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды. Музейдің аса бай қорындағы 22500-ден астам кескіндеме, графика, сәулет және Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары музейдің негізі қорындағы туындылар болып табылады.

Ә.Қастеев атындағы МӨМ әлемдік мәдени мұраларды сақтау, оларды зерттеу және танытуда маңызды іс шараларды орындайды.

Музейдің тұрақты экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізгі даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронология тәртібіне негізделген.

Музейде зерттеу және білім беру ісі белсенді түрде жүргізіліп қана қоймай, сондай-ақ жыл сайын халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар өткізу үрдіске айналған. Музейде өткізілетін қазақстандық, шетелдік суретшілердің көрмелері өнер сүйер қауымның, Алматы қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырады.

Музей өз тарапынан жинақтау, сақтау, көрме ұйымдастыру жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге музей қорын насихаттау және көркемсурет мәдениеті жайлы тұрғындарды кеңінен таныстыру мақсатында ағартушылық жұмыстарын жүргізуді өз алдына мақсат етіп қойған. Жұмыстың басты түрі болып: түрлі жастағы және әлеуметтік топтағы келушілерді белсенді түрде тарту, музей қорының аса жоғары дәрежедегі көркемдік деңгейін көрсету мақсатында тақырыптық және шолу экскурсияларын жүргізу; аса бай иллюстриативтік материалдарды пайдалана отырып лекциялар өткізу. Музей жанында Кіші өнер академиясы жұмыс істейді. Бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер тарихына арналған лекциялар 4—5 айға ойластырылған.

Ә. Қастеев атындағы МӨМ ЮНЕСКО жанындағы беделді ИКОМ халықаралық музейлер қауымдастығының мүшесі болып табылады.

ЖАҢА ЖАЗБАЛАР

   08 Қаңтар 2018, 17:10
Қастеев музейінде Армен Апресян дәріс өткізеді

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен ArtLane көркемсуретті галереясы мәскеулік өнертанушы әрі журналист Армен Апресянның «Өнердің басқа тарихы» атты дәрісін ұсынады. Ол музейдегі «Әсем Әлем» Өнер академиясының аясында 2018 жылғы 19 қаңтарда, жұма күні сағат 18.00 де өтеді.

23017 0
   08 Қаңтар 2018, 16:46
Алматыда авторлық құқық бойынша семинар өтеді

2018 жылғы 15 қаңтар күні сағат 16.00 де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Әсем Әлем» Өнер академиясының аясында, Қазақстандағы авторлық құқық бойынша семинарлар топтамасын бастайды. Семинардың тақырыбы: «Авторлық құқық - мәдени-кәсіпкерлік негізі». Дәріс оқушы – заң ғылымдарының кандидаты Темірлан Болатұлы Төлегенов. Семинарлар айына бір рет бірнеше ай көлемінде өтетін болады.

22893 0
   22 Желтоқсан 2017, 17:32
«Қазақстан кескіндемесі» ғылыми каталогының салтанатты таныстырылымы болды

2017 жылы 13 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Тәуелсіздігі күніне орайластырылған «Қазақстан кескіндемесі» ғылыми каталогының салтанатты таныстырылымы болды. Қазақстан тарихында бірінші рет кескіндеме каталогының толық иллюстрациялы ғылыми басылымын шығару басталды. Осы кезге дейін өнер зерттеушілері 1971 жылы жарық көрген кескіндеме, мүсін, театр-декорация және қолданбалы өнер туындылары енгізілген «Қазақстан бейнелеу өнері» каталогын пайдаланып келді.

15243 0
   22 Желтоқсан 2017, 14:36
Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған көрме ашылады

27 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған көрменің ашылуы және көркемсуретті альбомының таныстырылымы болады.

9052 0
   01 Қараша 2017, 10:18
Қастеев музейінде «Ғажайып күз әуендері» атты Музыкалық кеш өтеді

Ертең Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі «Ғажайып күз әуендері» атты Музыкалық вернисажға шақырады. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисті (Алматы), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Олег Татамиров, Анастасия Кожухарова, Дамир Садуахасов және концертмейстер Марина Омирбекова әлемдік, орыс және қазақ композиторларының үздік классикалық арияларын мен басқа да шығармаларды орындайды.

1203 0
   01 Қараша 2017, 10:11
Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылады

2017 жылдың 3 қарашасында сағ. 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына арналған баспасөз-туры, 16.00-де «МӘҢГІЛІК БІРГЕ» атты авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмені ұйымдастырушылар: Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығы, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілеттігі, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі, «Әлем қуыршақтары орталығы» Қазақстан қуыршақшылар қауымдастығы.

1276 0
   26 Қазан 2017, 09:26
«Шығармашылық кемеңгері Баки Урманче: Еуразиялық контекст» атты халықаралық конференция өтті

2017 жылы 25-26 қазанда Татарстан Республикасы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейінің «Хазине» Ұлттық көркемсурет галереясында суретші Баки Урманченің туғанына 120 жыл толуына арналған «Шығармашылық кемеңгері Баки Урманче: Еуразиялық контекст» атты халықаралық конференция өтті.

1530 0
   05 Шілде 2017, 15:21
Алматыда «Шілделік джаз» атты Музыкалық вернисаж өтеді

2017 ж. 6 шілде күні Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі «Шілделік джаз» атты Музыкалық вернисажына шақырады. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, танымал джаз фестивальдарының қатысушылары Олег Ткаченко (саксофон) мен Виктор Хоменков (рояль) әлемге танымал джаз композицияларын орындайды: «Караван», «Тунистегі түн», «Ипанемнен келген қыз» (Бразилия), «Дезафинадо» және т.б.

819 0
   21 Маусым 2017, 11:32
Қастаеев музейі музей қызметіне белсенді араласып жүрген журналистерді марапаттайды

2017 жылы 28 маусымда сағат 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан журналистикасы күніне арналған салтанатты қабылдау болады. Оның аясында қысқаша баспасөз конференциясы өтіп, музей қызметін белсенді түрде жариялап жүрген журналистер марапатталады, сонымен бірге мерекелік фуршет ұйымдастырылады.

870 0
   18 Мамыр 2017, 15:54
Ертең Алматыда израильдік суретшінің көрмесі ашылады

19 мамырда сағат 18.00-де Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстандағы Израиль Елшілігінің қолдауымен израильдік суретші Зои Севердің «Израиль реңктері» көрмесі ашылады. Оған суретшінің 20 кескіндемелік туындысы қойылады.

709 0
   17 Мамыр 2017, 12:47
«Бетоннан қалай арман құруға болады?»

2017 жылы 20 мамырда сағат 14.00-де ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен «Әсем әлем» өнер академиясы аясында париждік заманауи сәулетші, мүсінші әрі дизайнер Милен Гермон «Бетоннан қалай арман құруға болады?» атты дәрісін жүргізеді.

781 0
   17 Мамыр 2017, 12:07
Алматыда музей қызметкерлерінің қатысуымен көрме ашылады

Ә. Қастеев атындағы өнер музейі сағат 16.00-да 2017 жылы мамырдың 18-і, жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесін ұсынады. Бұл көрме 18 мамыр бүкіл дүние жүзі музейлер күніне арналады. Көрмеге кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер туындылары қойылады.

678 0
   04 Мамыр 2017, 11:55
Қастеев музейінде Сергей Калмыковтың көрмесі ашылады

12 мамыр күні сағат 18.00-де ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Сергей Калмыковтың жұлдызды тостағаны» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі мен «Сергей Калмыков» каталогының таныстырылымы болады. Көрменің ашылу сәтінде Сергей Калмыковтың картиналарындағы кейіпкерлердің стилінде театрландырылған көрініс пен балеттік перформанс қойылады. Жоба «JTI» компаниясының қолдауымен жүзеге асты.

811 0
   03 Мамыр 2017, 12:41
Юрий Мечитовтің «Грузия. Қосарлы беттер» атты көрмесі ашылады

Юрий Мечитов – тұтас бір дәуір мен осы дәуірдің бір бөлігіне айналған адамдарды суретке түсірген атақты грузин кино-фотодокументалисі. Бірегей фолиант болған «Параджанов. Сұхбат хроникалары» кітап-фотоальбомының, көптеген фотосуреттер мен оларға жазылған шағын сипаттама-әңгімелердің авторы. Сонымен бірге 30 жыл бойы түсіріліп, фотографиялары жиналған «Юрий Мечитовтің 101 портреті» атты танымал альбомның да авторы. Бұл басылымның беттері талай адамдардың – өте белгілі және мүлдем белгісіз, шетелдің және жергілікті адамдардың басын қосты. Мұнда Роберт Стуруа, Марчелло Мастрояни, Андрей Тарковский, Роберт Де Ниро, Майя Плисецкая, Терезаның анасы, Александр Абдулов, Сергей Параджанов және басқа да көптеген аса белгілі адамдардың тамаша портреттері бар.

570 0
   21 Сәуір 2017, 17:36
Алматыда Қырғызстанның белгілі мүсіншілерінің көрмесі ашылады

26 сәуірде сағат 18.00-де Қазақстан – Қырғызстан халықаралық жобасы аясында ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Жаңа толқын» шығармашылық тобының өкілдері – Қырғызстанның белгілі кескіндемешілері мен мүсіншілерінің көрмесінің ашылуы болады. Экспозицияға 100-ден аса кескіндемелік, мүсіндік туындылар және орамалар мен коллаждар қойылады.

Көрмені 14 мамырға дейін тамашалауға болады.

824 0
   21 Сәуір 2017, 16:42
Армат Бектастың «Өмір Гүлі» атты жеке көрмесі ашылады

26 сәуірі күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде суретші Армат Бектастың «Өмір Гүлі» атты жеке көрмесі ашылады.

727 0
   21 Сәуір 2017, 12:23
Қастеев музейінде фотосуретшінің көрмесі ашылады

22 сәуір күні сағат 15.00-де ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде фотосуретші Галина Анның (1970 - 2016) ретроспективтік көрмесінің ашылуы болады.

813 0
   19 Сәуір 2017, 10:47
«Алматы қ. мұражайларда қолжетімділікті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

«Аржан» қоғамдық қоры Роза Люксембург қорының Мәскеудегі филиалымен және ҚР Ә. Қастеев ат. МӨМ бірлесіп «Қолжетімді мұражайлар» жобасын бастайды. Жоба әр типті мүгедектігі барадамдар үшін мәдениет және өнер саласындағы қолжетімді ортаны дамытуға ықпал жасауға бағытталған.

523 0
   19 Сәуір 2017, 10:25
Алматыда «Жұлдыздар тек армандағандарға ғана жарқырайды» көрмесі ашылады

Ертең сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Жұлдыздар тек армандағандарға ғана жарқырайды» атты халықаралық көрме ашылады. Экспозицияда Қазақстан, Рессей, Украин, Румыния, Грузия, АҚШ, Италия, Израиль, Жапон суретшілерінің туындылары көрсетіледі. Көрмеде гобелен, кескіндеме, графика, зергерлік өнер туындылары қойылады.

435 0
   31 Наурыз 2017, 12:57
Алматыда Марат Әйнековтың жеке көрмесі өтеді

5 сәуір сағ.16.00-де ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі белгілі мүсінші Марат Әйнековтың жеке көрмесі өтеді. Көрмеде Қастеев музейінің коллекциясынан 30-ға жуық жұмыстары қойылады.

1302 0