Мәдени орталықтар
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:
Басты бет > Мәдени орталықтар >

КМҚК "Мемлекеттік қуыршақ театры"

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры 1935 жылы құрылды. Театр Қазақстанның ертеден келе жатқан театрларының бірі. Бұл – біздің отанымыздың тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры.

Көптеген жылдар бойы оның сахнасында қуыршақтың барлық түрлері пайда болды: қарапайым таяқ қуыршақтан бастап күрделі марионеткаларға дейін. Театр талантты әртістердің, қуыршақ шеберлерінің, режиссерлердің, суретшілердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығарды, олардың көпшілігі ондаған жылдар бойы театрға – қуыршақ өнеріне шын берілгендер.

Бүгінгі таңда театрдың дамуына талантты режиссерлер, суретшілер, әртістер мен көпжылдық тәжірибелері бар қуыршақ шеберлері үлкен үлес қосып жүр. Жақында театр басшылығына Мәдениет қайраткері Талғат Қамқабайұлы Есеналиев келді. Тетардың көркемдік жетекшісі – Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек.

Театр жасөспірімдерді сәби жүректерінің қалтарысына жол таба отырып, ересектерше өмірлік мәңгілік құндылықтар жайлы әңгімеге тартады. Осы пайымдаулардың нәтижесінде театрдың репертуарлық саясаты жасалады. Театр премьералары көрермендердің жоғары бағасына ие және Алматы театрларының афишасынан лайықты орын алуда. Театрдың ағымдағы репертуарынан орын алған спектакльдер орыс және қазақ тілдерінде. Жақында театр күрделі жөндеуден соң қайтадан ашылды. Ашылудан соң, театр бір ғана маусымда өзінің көрермендеріне төрт жаңа қойылымды тарту етті, олардың екеуі фестивальдердің лауреаты атанып, жүлделер мен марапатттауларға ие болды. Жаңа маусымда театр тағы да бірнеше қойылым қояды, олар да жылдың үздік премьералары болары даусыз.

Театр гастрольдік сапарларға жиі шығады, халықаралық, республикалық фестивальдер мен конкурстардың жүлдегерлері және дипломанттары болып табылады.

ЖАҢА ЖАЗБАЛАР

   28 Ақпан 2018, 11:41
«Ана-Жер Ана» трагедиясы қуыршақтар бейнесінде алғаш рет сахналанады

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры көрнекті жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына орай, ағымдағы жылдың ақпан айының 27-28, наурыз айының 1-2 күндері аралығында сағат 17:00-де «Құс жолы» повесінің желісі бойынша сахналанған «АНА-ЖЕР АНА» трагедиясының премьерасын көрермен назарына ұсынбақ.

23567 0
   07 Желтоқсан 2017, 13:22
Мемлекеттік қуыршақ театры. Желтоқсан айының репертуары

Алматы қаласы «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК

Қараша айының репертуары

3008 0
   01 Қараша 2017, 09:53
Мемлекеттік қуыршақ театры. Қараша айының репертуары

Алматы қаласы «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК

Қараша айының репертуары

1807 0
   09 Қазан 2017, 16:12
Қуыршақ театры. Қазан айының репертуары

Алматы қаласы "Мемлекеттік қуыршақ театры" КМҚК-ның қазан айына арналған репертуары жарық көрді.

1201 0
   02 Қазан 2017, 11:14
Мемлекеттік қуыршақ театры 83-ші маусымын ашады

Бүгінгі таңда 80 жылдан астам тарихы бар өнердің қара шаңырағы Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры 2017 жылдың 5 қазан күні сағат 16.30-да салтанатты түрде кезекті 83-ші маусымын ашады.

2732 0
   26 Маусым 2017, 10:22
Қуыршақ театры: шілде айына репертуар

Алматы қаласы «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК

шілде айының репертуары

1152 0
   12 Маусым 2017, 12:09
Қуыршақ театрының 81-ші маусымы

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры мамыр айының аяғында Қырғызстан Республикасында өткен «Тақ-Теке» Халықаралық театр фестивалінде «Үздік режиссура» жүлдесін «Каштанка» спектаклімен алған еді.

1344 0
   23 Мамыр 2017, 15:27
Қазақ қуыршақ театры шетелде

Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының 81-ші маусымы жағымды жаңалықтарға толы. Жаңа қойылымдар, гастрольдер, фестивальдер. Мамыр айының аяғында театр екі фестивальге қатысады.

1284 0
   17 Мамыр 2017, 12:12
Қуыршақ театры: Маусым айының репертуары

Алматы қаласы «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК

Маусым айының репертуары

951 0
   05 Мамыр 2017, 17:38
Қуыршақ театрында жаңа қойылым

Екі кішкентай балақай ересектердің жауыздыққа толы өмірін түсіне ала ма? Бала көңіл тек жақсылық пен мейірімді ғана қалайды. Жауыздық, зұлымдық, соғыс деген ұғымдар сәбиге жат. Атадан балаға жалғасып келе жатқан кекті екі балақай өшіре ала ма?

1700 0
   26 Сәуір 2017, 12:38
Облыстық қуыршақ театрында "Киелі алма" қойылымы қойылады

Құрметті ата-аналар, қала тұрғындары!
30 сәуір күні сағат 12:00-де Облыстық қуыршақ театрында Дулат Исабековтың "Киелі алма" атты қойылымын тамашалауға шақырамыз!

1331 0
   21 Сәуір 2017, 12:04
Қуыршақ театры: Мамыр айына репертуар

Алматы қаласы «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК

Мамыр айының репертуары

1181 0
   20 Желтоқсан 2016, 15:06
«Жаңа жылдық ғажайыптар Шахерезада елінде» атты думанды шоу

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры 20 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында 2-12 жастағы балаларға арнап, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтетін мерекелік «Жаңа жылдық ғажайыптар Шахерезада елінде» атты думанды шоу бағдарламасын ұсынады.

1917 0
   25 Қараша 2016, 10:00
Қуыршақ театрының желтоқсан айының репертуары

Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасының "Мемлекеттік қуыршақ театрының" 2016ж. желтоқсан айының репертуары.

1114 0
   24 Қараша 2016, 11:53
«Кішкене бақаның шым-шытырық оқиғалары»

26 Қараша, 12:30-да «Кішкене бақаның шым-шытырық оқиғалары» қойлымын кішкентай бүлдіршіндер назарына ұсынамыз.

1504 0
   16 Қараша 2016, 15:21
"Алтын адам" қойылымы
1656 0
   15 Қараша 2016, 11:03
Қазақтың Мемлекеттік қуыршақ театры

Қазақтың Мемлекеттік қуыршақ театры өзінің шығармашылық қалыптасу даму жолы 1935 жылдан бастау алады. Сол кезден бастап көптеген өнер шеберлері бүлдіршіндер үшін өнер көрсетіп, сан мың қуыршақ сахна төрінен көрініп, кішкентай көрермендердің жүрегін жаулап алған болатын. Театр алғашқы үш жылда орыс театры болып өнер көрсетті.

1754 0
   14 Қараша 2016, 09:53
2016ж. Қараша айының репертуары
1104 0
   09 Қараша 2016, 11:07
"Буратино шым-шытырығы" қойылымы өтеді

Буратино кейіпкерін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар. Ал сол Буратиноны сахнадан көргісі келе ме балаңыз? Ендеше, 11 қараша күні сахналанатын "Буратино шым-шытырығы" қойылымына балаңызды алып келіңіз. Қызыққа толы спектакль - Сіздер үшін!
11:00-де қазақ тілінде, 12:30-да орыс тіліндегі нұсқасын тамашалайсыздар!

2327 0