Мәдени орталықтар
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:
Басты бет > Мәдени орталықтар >

Жастар театры

27-наурыз, Халықаралық театр күніне арналған Астана қалалық театрларының жыл қорытындысына сәйкес Н.Гогольдің «Ревизорын» жоғары бағалап, «Ең үздік спектакль» номинациясымен марапатталды.
2009 жылдың сәуір, мамыр айларында театр ұжымы 55 күн Алматы облысының 12 ауданы мен 36 елді мекенінде қойылым сахналап, соңғы 10 жылдықта Қазақстан театр ғұмырында болмаған гастрольдік «рекордты» жаңартты.
2010 жылы Қарағанды қаласында 10 күндік гастрольдік сапарда болды және Республикалық театрлар фестивалінде Халық артисі «Жәмила Шашкина» атындағы сыйлықтың иегері атанып, қызықты қойылымдарымен қарағандылықтарды тәнті етті.
Алматы қаласында өткен ІІІ Халықаралық Орталық Азия елдерінің театрлар фестиваліне қатысып «Үздік режиссер», «Үздік Шыңғыс хан рөлі» сый-сияпатарымен марапатталып, актерлік шеберліктері кәсіби деңгейде екенін тағы да дәлелдей түсті.
Жастар театрының талантты өнерпаздары 2010-2011 жылдары Тараз, Көкшетау, Павлодар, Қызылорда қалаларында гастрольдік сапарда болды.
2011 жылдың қыркүйек айының 26-30 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған XIX театрлар фестивалінде С.Раевтың «Меккеге қарай ұзақ жол» атты қойылымымен Гран-При сыйлығын жеңіп алды.
2012 жылдың сәуір айының 9-13 жұлдыздары аралығында театр ұжымының Ашхабад қаласында өткен «Эпоха возрождения и театральное искусство» атты Халықаралық театрлар фестивалінде көрсеткен өнері өте жоғары деңгейде бағаланып, арнайы дипломмен марапатталды.
2012 жылы Алматы қаласында Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театр сахнасында театрдың 5 жылдығына орай есеп беру үлкен гастрольдік сапары өтті.
2012 жылдың қыркүйек айының 16-23 жұлдыздары аралығында Орал қаласында өткен Ә.Мәмбетовтың 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ Республикалық фестивалінде Н. Гогольдің «Ревизор» қойылымымен Гран-При сыйлығын алды.
2012 жылы«Жастар театры» Мәдениет және өнер саласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы сыйлығының лауреаты атағы және «Соңғы жылдардағы спектакльдері үшін» белгісімен марапатталды.
2013 жылы өткен «Мың тыныс және бір дауыс» атты түркітілдес театрлардың халықаралық фестиваліне /Түркияның Конья қаласында өткен/ Астана қаласы Жастар театрының шығармашылық ұжымы қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Түркияның Эскишехир қаласының губернаторының арнайы шақыруымен Д.Саламаттың «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» қойылымы көрермендер назарына ұсынылды.
2013 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында жазушы, драматург Т.Ахтановтың 80 жылдығына арналған ХХI республикалық театр фестивалінде Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...» қойылымы «Ең үздік жастар образы» номинациясын иеленді.
Бүгінгі күнде, театр репертуарындағы спектакльдер саны – 20-ға жуық. Көпшіліктің қошеметіне ие болған әрқайсысы айрықша атап өтуге тұрарлық қызықты қойылымдар.

ЖАҢА ЖАЗБАЛАР

   12 Қазан 2018, 15:22
Жастар театры ХІІ маусымын «ЖІБЕК» мюзиклімен ашады

Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры – Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Бас қаламыздың төрінде бой көтерген іргелі өнер ордаларының бірі. Астананың төл перзенті.

7180 0
   10 Сәуір 2018, 09:22
Жастар театрында «ҚЫЗ ЖІБЕК» мюзиклінің премьерасы

Астана қаласы әкімдігі Жастар театрында – ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ. «Рухани жаңғыру» аясында Астананың 20 жылдығына орай 12, 13, 14, 15 сәуір күндері Ғабит Мүсіреповтің «ҚЫЗ ЖІБЕК» мюзиклінің премьерасын көрермен назарына ұсынады.

2157 0
   07 Желтоқсан 2017, 12:40
«Жасаул». Жастар театрында жаңа қойылым

Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры 2017 жылдың 9,10,14 желтоқсан күндері Жаныш Құлмамбетовтың «Жасаул» /екі бөлімді парабола/ әфсанасының премьерасын өткізеді. Қойылымның қоюшы режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев.

1743 0
   06 Қараша 2017, 18:22
Жастар театры «Шыңғыс Айтматов атындағы xалықаралық сыйлықпен» марапатталды

1 қараша күні «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты Жастар театрының 10 жылдық, көркемдік жетекшіміздің 70 жылдық мерейтой аясында өткен мерекелік салтанатты кеште театрымыз үшін ерекше тосын сый болды.

1580 0
   20 Қазан 2017, 15:26
Жастар театры 10 жылдық мерейтойын атап өтеді

Жасампаз театрға биыл - 10 жыл.

2383 0
   19 Қазан 2017, 16:14
«ҚАЛЛЕКИ» театры ХХVIІ жаңа маусымын ашады

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 26 қазан күні сағат 18.00-де ХХVIІ жаңа маусымын М.Әуезовтың "АБАЙ" трагедиясымен ашады.

1978 0
   06 Қыркүйек 2017, 12:49
Жастар театры «Жер мен көктің арасы» қойылымымен фестивальде өнер көрсетеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан театрлары ассоциясының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 2-8 кыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында Қ.Сүгірбеков атындағы І Республикалық жас режиссерлердің форум-фестивалі өтуде.

3434 0
   03 Тамыз 2017, 15:58
Жастар театры: Тамыз айына репертуар

Назарларыңызға Астана қаласы әкімдігі "Жастар театрының" тамыз айына арналған репертуарын ұсынамыз.
Келіңіздер, театрда жүздесейік!

2051 0
   13 Шілде 2017, 15:49
Жастар театры Қазақстан ұлттық театрларының фестивалінде екі номинацияны еншіледі

2017 жылдың 8-12 шілде аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан театрлары ассоциациясының қолдауымен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында өткен Қазақстан ұлттық /этникалық/ театрларының IV республикалық фестивалінде Жастар театры екі номинацияны еншіледі.

1773 0
   01 Маусым 2017, 12:41
29 маусым: Жастар театрында "Лифт" психологиялық драмасы

Жастар театрында 29 маусым күні, сағат 19:00 С.Қасымбектің "Лифт" психологиялық драмасы қойылады.

Қоюшы режиссер: Бекболат ҚҰРМАНҒОЖАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

1275 0
   01 Маусым 2017, 12:40
30 маусым: Жастар театрында «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы»

Жастар теарында 30 маусым күні, сағат 19:00 Д.Саламаттың «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/ ұсынылмақ.

Қоюшы режиссер: Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері.

1258 0
   01 Маусым 2017, 12:33
11 маусым: Жастар театрында "Алғашқы махаббат" комедиясы

11 және 28 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің Жастар театрында Қ.Жүнісовтың "Алғашқы махаббат" комедиясы ұсынылады. Қоюшы режиссер: Дәурен СЕРҒАЗИН

«...Терезенің жақтауына,

Ойып жаздым атыңды...»

1278 0
   24 Мамыр 2017, 16:18
Жастар театрында маусымда өтетін қойылымдар кестесі

Назарларыңызға Астана қаласы әкімдігі «ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ» маусым айына арналған театр репертуарын ұсынамыз!

1132 0
   23 Мамыр 2017, 15:01
Жастар театрында «Сұлу мен суретші» қойылымы ұсынылады

26 МАМЫР, сағат 19:00-де ЖАСТАР ТЕАТРЫ назарларыңызға Т.Ахметжан «СҰЛУ МЕН СУРЕТШІ» ноктюрнін ұсынады!

Қоюшы режиссер: Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері.

1745 0
   19 Мамыр 2017, 14:47
Бүгін Жастар театрында актерлер ән салады

Жастар театрының 10 жылдық мерейтойына арналған тамаша тартуы!

2017 жылдың 19 мамыр күні 10 жылдық мерекенің бастауы ретінде «ЕГЕР ДЕ МЕН...» АКТЕРЛАР ӘН САЛАДЫ ностальгия кешінің премьерасын өткізеді. Қоюшы режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ.

1145 0
   15 Мамыр 2017, 17:36
Жастар театры «Тілеп-Сарықыз» трагедиясының премьерасын өткізеді

Жастар театры 2017 жылдың 21 мамыр күні Ж.Сомжүректің «Тілеп-Сарықыз» трагедиясының премьерасын өткізеді. Қоюшы режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ.

1236 0
   15 Мамыр 2017, 17:33
Жастар театрының 10 жылдық мерейтойына орай ностальгиялық кеш өтеді

Құрметті Елорда тұрғындары және қала қонақтары! Астананың Жастар театры Өздеріңізге Жаңа қойылым тарту етеді.

1042 0
   15 Мамыр 2017, 17:28
Жастар театрында жаңа қойылым

Жастар театры 2017 жылдың 16-17 мамыр күндері О.Бөкейдің «Ұйқым келмейді» музыкалық моноспектаклінің премьерасын өткізеді. Қоюшы режиссер: Дәурен СЕРҒАЗИН.

1020 0
   10 Мамыр 2017, 13:56
Бүгін Жастар театрында "ТЫРАУ, ТЫРАУ, ТЫРНАЛАР..." драмасы

10 МАМЫР, сағ.: 19:00-де Ұлы Жеңіс күніне орай С.Жүнісовтің "ТЫРАУ, ТЫРАУ, ТЫРНАЛАР..." драмасын тамашалауға шақырамыз. Бақыт бастаған жас жеткіншектердің халық басына қара бұлт үйірілген қысылтаяң шақтағы арман мен үмітке толы ішкі психологиялық күйін жіті сараптаған пьеса балалығын сұрапыл соғыс жалмаған буынның боямасыз күйін бүкпесіз баян етеді.

1351 0
   04 Мамыр 2017, 15:31
Жастар театры: Мамыр айына арналған репертуар

Назарларыңызға Астана қаласы әкімдігі "Жастар театрының" мамыр айына арналған репертуарын ұсынамыз.
Келіңіздер, театрда жүздесейік!

1019 0