BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:
Басты бет > Мәдени орталықтар >

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры

Театр тоғыз гектар жер көлемін алып жатыр. Ғимарат алаңы 64 мың шаршы метрге тең. Оның 3000 шаршы метрі сахналық аймақты қамтыған. «Астана Опера» театры өзінің көлемімен ғана емес, сонымен бірге әсем сәулетімен де көз тартады. Әлемдік архитектураның ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді.

Кіреберісті мүсіншілер М. Мансұров пен Т. Ермековтің «Қобызшы» және «Жетігенші қыз» туындылары әшекейлеп тұр. Ал театрдың төбесіне қойылған квадригада сақ патшайымы Томирис бейнеленген (авторы: Қанат Нұрбатыров).

Вестибюль, фойе, көрермендер залы және негізгі сахна биік классицизм стилінде жасалынған. 1250 орынды бас көрермендер залының айналасында ложалар мен бельэтаж орналасқан.

Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» ешкімге дес бермейді, тіпті көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес. Театрдың барлық бөлмелері, қосымшаларымен қоса (арьерсахна, түрлі шеберханалар, көптеген дайындық залдары) және театр өмірін қозғалысқа әкеліп, оны тиімді ететіннің барлығы әлемдік стандарттарға сай.

Орталық сахна жанында екі қапталды қалтасы мен арьерсахна орналасқан. Арьерсахна мен шеберхана және бірқатар цехтар жалғасқан, олардың көмегімен театр өзі декорациялар құра алады. Декорациялар осы арьерсахнаның үлкен кеңістігіне жинақталады. Фуроктың көмегімен декорациялар бір тұғырдан екіншісіне қозғалып ауыстырылады. Осы ретте машинерия театрлық қойылымдар үшін (опера, балет, спектакль, концерттер мен т.б.) толық дайындық жасауға мүмкіндік береді. Оркестрлік шұңқыр 120 музыкантқа лайықталған. Ол тек оркестрге ғана емес, сахнаны немесе партер аймағын кеңейту үшін де қолданылады.

Театрдың 250 орынды камералық залы ансамбльдер, камералық хор және кіші симфониялық оркестрлердің концерттерін өткізуге өте ыңғайлы. Сахнаның әр дыбысы қалт кетпей, анық-қанық естіледі. Жалпы, «Астана Опера» акустикасы – құбылысты дүние! Акустикасымен Италия, Германия елдерінің жетекші мамандары арнайы жұмыс жасады, соның нәтижесінде театрдың барлық залдарында ерекше дыбыстық сипатқа қол жеткізілді.

Классикалық опера мен балет өнері адамзат өркениетінің алтын қазығы, рухани азығы, мәңгілік үйлесімнің шынайы көрінісі.

Осынау өнердің жауһар туындылары, сондай-ақ әлемдік театр өнерінің хас шеберлерінің заманауи қойылымдары «Астана Опера» театры сахнасынан көрініс табатын болады.

2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы театр маусымын М. Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен салтанатты түрде ашты. Осы жылдың күзінде Дж. Вердидің «Аттила» операсымен театрдың әлемдік тұсаукесері болып өтті.

Алғашқы театр маусымында әйгілі хореограф Юрий Григоровичтің қойылымдағы П.И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балеті, белгілі француз балетмейстері Шарль Жюдтің қойылымындағы С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеті, сондай-ақ танымал ресейлік хореограф Борис Эйфманның «Роден» заманауи балетінің әлемдік премьералары өткізілді.

Алғашқы театр маусымында біздің әртістер атақты Рим опера театры, Ла Скала, Ресейдің Үлкен театры, Мариин театры, Бордо опера театры, Б. Эйфманның балет театры сынды еуропалық театрлардың ұжымдарымен бірлескен қойылымдарды қойды.

Театрдың дәл кіреберіс маңдайшасындағы Самұрық құс бейнесі тектен тек бейнеленбеген. Ол қасиетті Бәйтерек ағашының ұшар басынан бар әлемге Мәңгілік Елдің ұлы арманы мен істерінен сыр шертіп тұрғандай.

Жаңа театрда балалардың театрлық студиясы ашылып, жұмысын бастап та кетті. Бұл тұрғыда жас жеткіншектердің бойында мәдениет пен талғам қалыптасып, ұзақ жылдарға ұрпақтан ұрпаққа театрлық өнердің сыйқырлы эстафеталық таяқшасы берілетін болады…

Иә, «Астана Опера» – болашаққа ұмтылған рухани үрдіс!

ЖАҢА ЖАЗБАЛАР

   03 Қазан 2018, 20:46
«Астана Балет» театры хореографиялық білімі бар бойжеткендерді іздейді

Театр труппасының ұлғаюына байланысты, хореографиялық білімі бар бойжеткендерге «Astana Ballet Folk» ұлттық труппасы кастинг жариялайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

1706 0
   27 Тамыз 2018, 15:53
Астанада «Астана – асыл арманым» концерті өтеді

Әйгілі опера әншісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы «Астана – асыл арманым» концертінде өнер көрсетпек. Астананың 20 жылдығына арналған тамаша музыкалық кеш 8-қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

1925 0
   14 Қараша 2017, 10:25
Қазақстанның опера тарихындағы айтулы оқиға

Рим опера театры «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожинмен жақын арада келісімшарт жасасуға әзір. Танымал қазақстандық опера әншісі шарттары қатал байқау іріктеуінен өтіп, тұңғыш рет тарихта Еуропадағы ең атақты театрлардың біріндегі қазақстандық солист атанбақ.

1347 0
   05 Шілде 2017, 15:58
Медет Шотабаевтың австриялық бастамасы

«Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев Винченцо Беллинидің «Норма» операсындағы Поллион партиясымен дебют жасады. Қазақстандық әнші танымал Graz Opera (Австрия) сахнасында өнер көрсетті.

1129 0
   30 Маусым 2017, 12:45
Режиссер «Қыз Жібек» спектаклінен жаңа әсер алуға уәде берді

. Ұлттық музыкалық өнер жауһары – Е.Брусиловскийдің тұңғыш қазақша «Қыз Жібек» операсын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақ әуендері» АҚ және «Астана Опера» мемлекеттік театры ашық аспан астында ұсынатын болады. Спектакль Бейбітшілік және Келісім сарайы жанындағы алаңда 5 шілде өтеді. Спектакль ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасына енгізілген.

927 0
   30 Маусым 2017, 12:31
«Туған күніңмен, Астана» мерекелік концерті өтеді

«Туған күніңмен, Астана» мерекелік концерті «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді. 6 шілде күні көрермен алдына керемет вокалистер, аспапшылар және «Dolce» скрипкашылар ансамблі шығатын болады.

935 0
   30 Мамыр 2017, 10:54
Балалар күніне арналған «Өнерпаз қырандар» атты концерт өтеді

Жазғы демалыстың алғашқы күндерінде «Астана Опера» Камералық залында Балалар күніне арналған «Өнерпаз қырандар» атты тамаша концерт өтеді. 1 маусымда елордалық театрдың балалар студиясының дарынды әртістері өз шығармашылығын ұсынады.

826 0
   30 Мамыр 2017, 10:45
Швеция мен Финляндия музыкасы қалықтайды

Еуропаның белгілі дирижерлерінің бірі Матс Лильефорс (Швеция) және «Астана Опера» Камералық оркестрі «Швеция және Финляндия музыкасының кешін» ұсынады. Концерт 3 маусымда театрдың Камералық залында өтеді. Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов (скрипка).

729 0
   24 Мамыр 2017, 10:54
«ЭКСПО-2017» аясында ашық аспан астында спектакль қойылады

15-маусым, 2017. Астана. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендерімен» бірлесіп, «Астана Опера» театры әртістерінің қатысуымен Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы ашық алаңда Дж.Вердидің ауқымды операсының қойылымын жүзеге асыратын болады. Пирамида алаңы театр сахнасына айналады, ал көрерменедер залы ашық аспан астында орын алатын болады. Спектакль «ЭКСПО-2017» аясында өтеді.

910 0
   18 Мамыр 2017, 15:46
«Астана Опера» және Ресейдің Үлкен театры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ресейдің басты ұлттық театры – атақты Үлкен театр Қазақстандағы үздік «Астана Опера» театрымен тығыз ынтымақтастықта болады.

995 0
   17 Мамыр 2017, 12:34
«Астана Опера» театрының солисті Мария Мудряк «Опералия-2017» байқауына қатысады

Пласидо Домингоның «Опералия» конкурсының жиырма бесінші маусымына қатысатын әлемнің 17 елінен келген 40 дарынды вокал шеберлерінің есімдері белгілі болды; «Опералия» опера өнерінің бүкіл әлемдік конкурсын жобаның бас демеушісі – «Rolex» компаниясы ұсынады. Байқауға қатысушылар арасында «Астана Опера» театрының солисті, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудрякпен бірге төрт қазақстандық әртіс бар. Билеттер «Астана Опера» театрының кассасында және онлайн сатылымда.

787 0
   15 Мамыр 2017, 12:44
Скрипка мен қобыз сазының үндесуі

World Championship of Performing Arts (Лос-Анджелес, АҚШ) алтын медальдерінің иегері Ләйлә Тажібаева-Исаева (прима қобыз) 19 мамырда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов (скрипка), Мәдениет қайраткері Айсұлу Байкенова (скрипка), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Жанар Ахатова (альт) және Курванжан Ахатов (виолончель) сияқты белгілі музыканттармен бірге сахнаға шығады. Солистер «Астана Опера» театрының Камералық залында «Folk & Classic» концертін береді.

776 0
   04 Мамыр 2017, 12:34
Әйгілі әртістер «Богема» операсында өнер көрсетеді

Ең әдемі сопрано дауысының иесі Сандра Пламенац және армяндық бас Бажбеук-Меликян Саркис Дж. Пуччинидің «Богема» операсында өнер көрсетеді. Шақырылған вокал шеберлерімен қатар 5 мамырда «Астана Опера» Үлкен залында қазақстандық әртістер – Нұрлан Бекмұхамбетов, Талғат Мұсабаев, Әлфия Кәрімова, Евгений Чайников шырқайды. Дирижерлік тізгінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Режиссері – Наталья Кагадий.

534 0
   04 Мамыр 2017, 12:08
Астана Операда «Жалынды құштарлық» атты концерт өтеді

Қазақстанның алтын виоленчелі Ермек Құрманаев, дарынды скрипкашы Евгения Құрманаева және керемет пианиношы Гауһар Таспергенова 12 мамырда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Жалынды құштарлық» атты концерт ұсынады.

742 0
   21 Сәуір 2017, 17:11
Астанада Қазақстан халқы Бірлігінің күніне арналған кеш өтеді

Қазақстан халқы Бірлігінің күніне арналған «Туған еліме тілегім» атты мерекелік концерт «Астана Опера» театрының Үлкен залында 1 мамырда өтеді. Кеш операның жетекші солисттерінің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов басқаратын «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің қатысуымен өтеді. Режиссері – Наталья Кагадий.

695 0
   21 Сәуір 2017, 11:47
Астаналық театр ұжымы бір күндік еңбекақысын су тасқынынан зардап шеккендерге аударды

«Астана Опера» театрының ұжымы бір күндік еңбекақысын Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау қорына аударды.

841 0
   21 Сәуір 2017, 11:28
Лондоннан келген теңдесі жоқ скрипкашы Астанада

Биылғы жыл ол үшін қызыққа толы оқиғалардан – Үндістан қалаларында өткен үлкен турнеден басталды, содан кейін Ұлыбританияның ең беделді залдарында өнер көрсетті. Дарынды скрипкашы Ғалия Бейсенғалиеваның әрбір күні – әрбір минуты есептеулі. Алайда қайда жүрсе де, оның жүрегі әрдайым туған қазақстандықтармен бірге. Бүгінде Лондонда тұратын отандасымыз 4 мамырда, «Астана Опера» Камералық залында «Таңғажайып Моцарт...» концертінде өнерін паш етеді.

752 0
   19 Сәуір 2017, 10:30
«Астана Опера» шахтерлар қаласына жол тартады

«Астана Опера» театрының өнер ұжымы Қарағанды облысының екі қаласында мазмұнды гастрольдік бағдарлама ұсынады. 20 және 21 сәуірде театрдың жетекші опера солисттері және тамаша хоры Қарағанды облысының С. Сейфуллин ат. қазақтың драмалық театрында, ал 22 сәуірде Теміртау қаласының Металлургтар сарайында өнер көрсетеді.

512 0
   05 Сәуір 2017, 16:55
Опералық шлягерлер «Астана Опера» сахнасында

13 сәуірде «Астана Опера» Камералық залының сахнасында тыңдарман назарына әлемдік опера жауһарлары ұсынылады. «Ұлы опералық ариялар» атты концерті түрлі тосынсыйға толы.

581 0
   04 Сәуір 2017, 11:36
«Форте-трио» ұжымы «Камералық музыканың алтын парағын» паш етеді

Қазақконцерттің әйгілі өнер ұжымы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі пианиношы Тимур Урманчеев басшылық ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Форте-трио» триосы – классикалық өнерді сүйер қауымға «Камералық музыканың алтын парағы» атты жаңа жоба ұсынады. Тыңдарман керемет музыкалық бағдарламаны «Астана Опера» театрының Камералық залы саxнасында 5 сәуірде тамашалай алады.

745 0