"Сезімімді сездірмеймін себепсіз"
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Сезімімді сездірмеймін себепсіз"

Өлеңімді оқи сап шала-пұла,
Жүрек көп сөзі жүрмес қанатына.
Сүйдірем деп сенудің қажеті жоқ
Ондайлардың жатпаймын санатына.

Таусылмайды өмірдің сыйы бірақ,
Қолда барды көбісі кейін ұғад(ы).
Көрдім, білдім деген сөз оңай шығар
Бірден тану кісіні қиынырақ.

Сезімімді сездірмеймін себепсіз,
Мен басқа жан, сіз де мүлдем бөлексіз.
Бір көргенде тылсым күшпен лап етіп
Сөніп қалар ессіз сезім керексіз.

Келседағы маған жылу бергісі,
Сене алмаймын келгендерге сенгісі.
Жалғыз жүру емес шығар – жалғыздық,
Сүйгеніңе адалдықтың белгісі.

Жәнібек Салқынбек

Жәнібек Салқынбек
561836

Салқынбек Жәнібек Сағатбекұлы

Киелі мекен Түркістан қаласының тумасы.

"Мен – менмін,

Менмен емеспін.

Құшағын жайған құштар дүниеге

Бекерден-бекер келген емеспін!"

Оның вконтакте желісіндегі «Ақын жүрек» атты парақшасынан авторлық…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер:
19 Желтоқсан 2018, 19:01
"Костюм шалбар"
11 Желтоқсан 2018, 17:36
"Шүкірлік етем бәріне"
06 Желтоқсан 2018, 19:20
"Бір қыз бар"