Бір қыз бар мен білетін,
Сертіне сендіретін.
Ашудың әр соққысын
Ақылға жеңдіретін.
Баладай бал қылығын
Түсіңе ендіретін.
Қызықсыз әзіліне
Тек жалғыз мен күлетін.
Жаратқан пәк сұлуға,
Жақсыны жия салған.
Нәп-нәзік жүрегіне
Ізгілік ұя салған.
Көзінде мейірім бар,
Жүзінде нұрлы кескін.
Иманын құлыптаған
Көрмейді Күнді ешкім.
Ұстанған ұлы сертті,
Сен неткен сабырлысың.
Бір өлең жаздым бүгін
Таусылып сабыр күшім.
Жұлдыз бар мен білетін,
Жасырын тұрған көкте.
Өтінем ағып түсіп
Өзіңді құрбан етпе.
(Тумасын жырдан өкпе).
Жәнібек Салқынбек
Салқынбек Жәнібек Сағатбекұлы
Киелі мекен Түркістан қаласының тумасы.
"Мен – менмін,
Менмен емеспін.
Құшағын жайған құштар дүниеге
Бекерден-бекер келген емеспін!"
Оның вконтакте желісіндегі «Ақын жүрек» атты парақшасынан авторлық…