Бозарып тағы таң атты
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бозарып тағы таң атты

Бозарып тағы таң атты,
боз даланы боздатып.
Көкіректегі арманынның қоламтасын қоздатып.
Уақыт атты керуеннің бұйдасына жегіп ап,
Тіршіліктің көшін де кетті міне қозғалтып.
Күн шығып әне келеді,
күле қарап мысқылмен,
(күн шығарын алдымен бәрінен де құс білген).
Сүйрей салып күндегі күйбен тірлік арбасын,
Әдеттегі сүрлеуге ілбіп басып түстім мен...

Мәдет Өмірбек
64054
Ұқсас сілтемелер: