МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!

Өмір түйіткілдері


Бесінші сыныпта «Менің Қазақстаным!» атты ашық сабақ жүріп жатыр. Балалар елімізге белгілі ақындардың туған жер туралы өлеңдерінен үзінді жаттап келу керек. Үйге тапсырма солай берілді.
Мұғалім:
-Ал, балалар қәненкей, кім қандай тақпақ жаттады?
Бір оқушы жылдам қол көтерді.
-Нұржан, айта ғой.
-Отан, Отан!!
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем...
Нұржанның айтып жатқан тақпағын соңғы партада отырған Қайсар бөліп жіберді. Орнынан ұшып тұрып:
-Апай, біздің қасиетті тілді ешкім сүймейді ғой.
-Қайсар, оны саған кім айтты?
-Үйде атам айтты. Қазақстанда қазақ тілінің салмағы аз.Ана тілінің қадірін білмейтіндер көп-деді.
-Атаңыз айта береді. Қәне,тағы кім бар?
Оқушының тосын сұрағы ашық сабақты қылыштай тіліп түсті.
Оқу озаты Жансая қол көтерді.
- Біз Отанның гүліміз,
Туған жердің нұрымыз.
Тәуелсіз біздің еліміз,
Қазақстан бай жеріміз…
Жансаяның тақпағы да аяқталмай қалды.
-Біз бай емеспіз-деді Қайсар
-Мұны қайдан естідің?-деп,мұғалім бір-түрлі болды.
-Газеттен оқыдым.
-Газетке қазір не болса соны жаза береді. Бүгінгі қоғам ақпараттың заманы ғой. Сен оданда теледидарды қара...
-Егер, Қазқстан бай болса, біз неге саяжайда пәтер жалдап тұрамыз?-деп оқушы бұртиды. Апайы қызарып кетті.
-Жарайды, отыра ғой. Қәне, Ақылбек сен айтшы...
-Өзіңсің,Қазақстан,ән,арманым да,
Аяулым,алтын бесік,қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным!.
Бұл жолы Қайсар партадан тағы тұрды.
-Ұлан байтақ жеріміз болғанымен бізге ештеңе жетпейді.
-Неге?-деп, мұғалімнің көзі айналып кетті.
-Қайдан жетеді? Байлықтың бәрін жемқор ағаларымыз ұрлап жатыр.
Біздің болашағымызды кім ойлайды?-деп, жыламсырады.
Мұғалім:
-Серікжан,айналайын жылама өзің қандай тақпақ жаттап келдің?-деп оқушының басынан сипады.
Қайсар тақтаның алдына шықты. Мұрнын бір тартты да:
-Қарсы тұрып қас жауына қаптаған,
Ешбіріне ар-ожданын сатпаған.
Бағы тайып бодандықтан жүрсе де,
Дархан пейіл, жомарттығын сақтаған.
Мен қазақ боп туғаныма мақтанам.
Бір ғасырда мың жығылып, мың тұрған,
Желтоқсанда қанатынан қырқылған.
Бірақ талмай азаттыққа ұмтылған,
Абай, Мұхтар Қаныштардай ұл туған.
Мен қазақпын деп әлемге мақтанам.
Желбіреген аспан түсті байрағы,
Батыр елмін барыс сынды айбары.
Мен қазақпын деп айтуға мақтанам,
Ынтымақты бұзылмаған қаймағы-деп, бір деммен өлеңді айқайлап оқып шықты. Класс ішіне тыныштық орнап қалды.Мұғалім терезеге үнсіз ұзақ қарады.Орындығына отырып:
-Жарайсың, Серік!-деді...
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Нұрлыбек Жұбатқан
582242

Нұрлыбек Хайроллаұлы Жұбатқан Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы, Жылтыр селосында өмірге келіпті. 1987-89 жылдары әскери борышын өтеп, 1990-95 жылдары Шымкент қаласындағы Мәдениет институтын бітіреді. 1997-99 жылы облыстық "Ақтөбе" газетінде тілші қызметін атқарады. "ЕКІ ЕЗУ" сатира театрын құрушы. "Ауылдағы айтқыштар" мен "Қатираның құрт зауыты" атты кітаптардың авторы. "Шабыт" жастар фестивалінің "Гран При" иегері, ҚР Мәдениет қайраткері. 2002 жылғы Ақтөбе облысының "…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім