Құрметті оқырмандар, бүгін сіздерге әлеуметтік желілердегі жасалған посттарға, суреттерге комментарий жазатындар, олардың ішіндегі нешетүрлі жаман, ғайбат, боқтық сөздер жазатын адамдардың және өз постының астына жақсы сөздер жазатын тұлғалардың психологиялық портретін түсіндіргім келеді.
Адамдар неге сіздің постыңызға бар білетін ғайбат, жаман сөздерін айтып, сізді жерден алып, жерге салады? Егер психологиялық біліміңіз болса, онда, сіз түсінесіз – ол адамның жеке басында сіз қозғаған тақырыпқа байланысты, үлкен проблема бар. Мысалы: бала кезінде психологиялық (ұрып соғу, толық емес семьяда тәрбиелену, үлкендер тарапынан зорлық көру, құрдастар ортасында ең төменгі беделде болу және т.б.) травма алған немесе қазіргі сәтте өзінің ойлаған мақсаттарына қол жеткізе алмай, сол үшін іштей ызалы тұлғалар және басында үлкен қарыздары (несие, ипотека және т.б.) бар және сол қарызды төлеуде қиналып жүрген тұлғалар бейім болады. Сол ғайбат сөздер жазу арқылы ол тұлға подсознательно түрде ләззаттану сезімін алады. Ал егер сіз оған тура солай жауап қайтарсаңыз, ол тіпті рақаттанады. Басқаша қараса, сіз ол адамға кішкене болса да қуаныш сыйладыңыз, психотерапия жүргіздіңіз.
Енді өз суреттерінің астына: мен бақыттымын, менде бәрі жақсы, мен құрметтімін деген посттарды керісінше түсінуге тырысыңыз. Бұл пікірге келіспейтіндер көп болады. Өйткені бұндай тұлғалар, өзіндегі проблеманы өзі білгенмен, сырттай мойындағысы келмейді. Мысалы: өзінде бәрі жақсы адам, өзін бақытты сезінетін тұлғалар бұл мәселе туралы сирек ойланады. Ал өзінде бұл нәрсенің жетіспеуі, ол адамның үнемі ойынан шықпайды және бұны жақсы сөздермен компенсация жасайды. Сондықтан әлеуметтік (фейсбук, вконтакте, инстаграм) желіге бірнәрсе жазатын немесе салатын кезде жақсылап ойланып алыңыз. Пікір білдірем деушілерді тек қолдаймын. Құрметпен Балабек!
Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы, 1978 жылы 20-шы қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келдім. Психология ғылымдарының PhD докторы. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне «Педагогика және психология» мамандығына түсіп, 2005 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «педагог-психолог» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірдім.
2005-2007 жж Алматы Үздіксіз білім беру колледжінің психологы болып…