BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгнгі сатира. ҮКІМЕТ БАС МҮЖИДІ...

–Спикер мырза, сонда бiз осы мәжілісте отырып ет жеймiз бе?
– Ет жемегенде, сiздерге «кет!» деймiз бе? Өздерiңiз байқаған боларсыздар, Президент әкiмшiлiгi алдында құран бағышталып, бес қой сойылды, он қой сойыла жаздады емес пе?

–Құрметтi депутат мырзалар! –деді спикер, –өткен сұрапыл сайлаудан жүректерiңіз жарыла жаздап, «Шiркiн-ай, депутат болсам ғой!» деген ойларыңыз от болып маздап, қарапайым халықты өтірік уәделеріңмен алдап, міне, алдымызға келiп қалдыңыздар! Президент әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша, биылғы ерекше жаңалығымыз сол, қазақшалап айтсақ, құдайы берiп отырмыз. «Парламент мәжілісіне» деп бюджеттен бес миллион қаржы бөлініп, бес қой сойылып отыр. Мәжілісте отырып, палау жейміз, кезекпен бас мүжитін боламыз. Бұл дегеніміз еуропа, ТМД парламентінен озық кеткеніміз, қысқасы, озып кеткеніміз! Ақсақал депутат, бата бере қойыңыз!
Ақсақал басымен қайта–қайта сайлауға түсіп жүрген ҮндемесЖетпісбаев қолын жайды:
–Алдарыңызда қазақтың асы болсын, қойдың әдемі піскен басы болсын, әйел депутаттардың әдемі қауқиған шашы болын, депутат қариялардың ең кемі жетпіс деген жасы болсын! Әумин!
Бір сақалды жас депутат қолын көтерді:
–Спикер мырза, сонда бiз осы мәжілісте отырып ет жеймiз бе?
– Ет жемегенде, сiздерге «кет!» деймiз бе? Өздерiңiз байқаған боларсыздар, Президент әкiмшiлiгi алдында құран бағышталып, бес қой сойылды, он қой сойыла жаздады емес пе?
– Депутат мырзалар! Даурықпаңыздар, мәжiлiсте қойлардың басын мүжiп отырып, заң қабылдар болсақ, бұл бiздiң қазақшылығымыз, бұл бiздiң ана тiлiмiздi, салт-дәстүрiмiздi бағалағанымыз. Қойлар да қазақша маңырайды, соны көрген шала қазақ депутаттар, қазақша сөйлеп, «Мен қазақпын!» деп «жамырайды!» –деді тағы бір депутат жұтынып қойып. Оған өзгелері жақтырмай қарады.
–Жарайды! Қой бастарына құрмет көрсетіп, дауыс беріп қоялық!
Спикер бірінші әкелінген бастың алдында тiзе бүгiп, оның құлағынан сүйiп, оң қолын бас сүйектiң үстiне қойып тұрып: «Халқымды қой сияқты маңыратпауға, қытайдағы қазақ аналарымызды аңыратпауға, кім көрінгенге жем болмауға, уа халқым, ешкiмнен кем болмауға ант етемiз!» –деді. Сосын бастың құйқасын кесіп, депутат пен министрлерге үлестіре бастады. Апырмай, депутаттардың да арасында баяғы Шерхан Мұртаза сияқты батыл сөйлейтіні бар екен, орнынан тұрып дауыстады:
–Спикер мырза, әдiлетсiздiктi көрмейтiн билiкке көзiн бер, сөйлемей, ұйықтап отыратын депутатқа тiлiн немесе, бастың өзiн бер, мисыз министрлер болса, миын бер, құлақсыздарға, құлықсыздарға құлағын бер, тіс қайрағыштарға тiсiн бер, шалқайғандарға мұрынның iшiн бер!
–Жарайды, келесi отырыста «Қазақ қойдың басын қалай мүжидi?» деген тақырыпта заң қабылдайтын боламыз! Ал, мына басты үкiметке жібереміз! –деді спикер.
Бас үкiметке қарай кеттi! Айтпақшы, олардың қолдарына су құятын жағымпаздар да басты алып бара жатқандардың соңынан ілесті. Ия, біз осындай қазақпыз!

Мұхтар Шерім
643245

Мұхтар Шерім Жұмашұлы (Бүркеншік аттары: Жебе Садақұлы,Ратқұм МІРЕШ, МұхШЕР, Мен ғой... Жұмаштың жүгермегі.) .Республикаға танымал жазушы-сықақшы, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі.Шона Смаханұлы атындағы сын-сықақ байқауының бас жүлдегері.Бүгінде республикалық "АРА" газетінің арнаулы тілшісі. "Құдағи құшақтай береді", төрт томдық: "Кешіріңіз, сіз есек емессіз", "Талтайып тұрғым келеді", "Ымбаппа", Быт-шытыңызды шығарамын!" кітаптарының авторы.<…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер: