BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ХЕНДЕ ХОХ! 

удан әкімі жер тарату бөлімінің меңгерушісін кабинетіне шақырып алды, «үйлері жоқтарды жер кезегіне қойғаның қалай?» деп біраз ақырып алды. Ол «Мақұл, басеке!» деп кетіп қалып еді, қайтадан шақырып алды.
–Мен саған не дедім?–деп сұрады ол.



Аудан әкімі жер тарату бөлімінің меңгерушісін кабинетіне шақырып алды, «үйлері жоқтарды жер кезегіне қойғаның қалай?» деп біраз ақырып алды. Ол «Мақұл, басеке!» деп кетіп қалып еді, қайтадан шақырып алды.
–Мен саған не дедім?–деп сұрады ол.
–Өліп қалған шетелдіктердің атына жер кезегін жазып, туыстарымызға таратамыз дегенсіз...
–Жаздың ба?
–Ия. Пикассоға...
–Ол кім еді тағы?
–Атақты суретші Пабло диего Хосе Франциско де Паула Хуан Непомусено Мария де лос Ремедиос Сиприано де ла Сантисима Тринидат Мартир Патрисио Руйс Пикассо. 19 ғасырдағы Францияның ұлы суретшісі.
–Немене пәле, жер кезегіне осы адамдардың бәрін жаздың ба?
–Жоға, мұның бәрі бір адамның аты ғой.
–Ой, Құдайым–ай, одан да Пойызбай Пикассо дей салмайды ма? Пойыз сияқ¬ты шұбалтпай...Тағы кімнің атына жер жаздың?
–Моцарттың.
–Жарайсың. Ол кім еді?
–Өзім де білмеймін.
–Тағы?
–Истай мен Махамбетке...
Бір кезде хатшы қыз есікке басын қыстыра салып:
–Ағай, бір мұртты кісі келіп тұр, кіргізейін бе? –деп сұрады.
–Кім екен?
–Гитлермін дейді. Қасында автомат асынған солдаттары бар.
–Кірсін!
Бір кезде, шынында, әлдеқашан сүйегі қурап кеткен, екінші дүние жүзілік соғыстың «ардагері» Гитлер кіріп келді де:
–Хенде хох! –деді айқайлап. Аудан әкімі орнынан тұра беріп, қолын көтерді. Бөлім меңгерушісіне ым қақты.
–Оңбаған, аяғыңды емес, қолыңды көтер!
–Шынымен Гитлер келіп тұр ма? –деп сұрады меңгеруші.
–Сен өтірік жазсаң, бұлар шынымен келе салады. Гитлерге қанша сотық жер жазып едің?
–Ж–жазған жоқпын.
–Немене, мен адам емеспін бе? Кезінді жүние жүзінің жерін жаулап ала жаздағанмын! Маған бес гектар жер берсеңдер өлесіңдер ме?–деп ақырды Гитлер, –Хенде хох!
–Гутен тах, гутен тах, –дей берді әкім бар білеген немісшесімен.
–Ау фейдер зеейн... –дей салды бөлім меңгерушісі де міңгірлеп.
–Жер кезегіне жазбағандарың үшін біз сіздерді атып кетеміз! Қабылдау бөлмесінде Моцарт тұр. Сендер өлген соң, қайғылы музыка орындайды! –деді Гитлер. Сосын солдаттарына ым қағып еді, олар шынымен атайын деп тұр. Енді... Енді атайын дей бергенде, 19 ғасырдың Исатай мен Махамбет батырлары кабинетке кіріп келіп, бәрінің бастарын қылышпен шауып тастады. Моцарт қашып бара жатқанда ғана, аудан әкімі ұйқысынан шошып оянды. «О, қасиетті Жер ана, о, қасиетті Жер Ана!» –деп күбірлей берді, байғұс әкім...

Мұхтар Шерім
429609

Мұхтар Шерім Жұмашұлы (Бүркеншік аттары: Жебе Садақұлы,Ратқұм МІРЕШ, МұхШЕР, Мен ғой... Жұмаштың жүгермегі.) .Республикаға танымал жазушы-сықақшы, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі.Шона Смаханұлы атындағы сын-сықақ байқауының бас жүлдегері.Бүгінде республикалық "АРА" газетінің арнаулы тілшісі. "Құдағи құшақтай береді", төрт томдық: "Кешіріңіз, сіз есек емессіз", "Талтайып тұрғым келеді", "Ымбаппа", Быт-шытыңызды шығарамын!" кітаптарының авторы.<…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер: