Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі әзіл плаза. ДУА
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі әзіл плаза. ДУА

–Ол келіншек саған не берді?
–Кофе?
–Тағы не береді?
–Сағыз...

Осы сіздер дуа дегенге сенесіздер ме? Әйелдер өзі ғашық болған еркегін дуалатып қаратып алады дегенге өз басым сенбеймін! Бірақ, бір апта болды, көрші жесір келіншектің қандай дуа жасағаны өзіне ғана аян, құданың құдыреті, соның үйіне барып, кофе ішкім келеді де тұрады. Екі рет әйелім көрші келіншектің үйінен тырқыратып, қуып шықты. Мен пақырыңның ойында арам шөптер жоқ, тек кофе ішемін де қайтамын... Бір күні момын деп жүрген әйелім:
–Сені дуалап қойған! –деп салды.
–Дуаға сенбеймін!
–Ол келіншек саған не берді?
–Кофе?
–Тағы не береді?
–Сағыз...
–Сосын не береді деймін?
–Айран.
–Ай, қайдам... Басқа ештеңе бермейді ме?
–Берген емес.
–Кофеңе бірдеңе салып жіберген жоқ па?
–Жоқ.
–Сен мені сүймейсің! –деп жылады әйелім.
–Жыламашы жаным, мен сол келіншекке жетіскеннен барып жүр дейсің бе? Дуалап қойған ғой.
Әйелім кофе дайындап келді.
–Мә, іш.
–Сенің кофең көзіме тасбақаның зәрі сияқты көрініп тұр.
–Айттым ғой, сені дуалап тастаған!
–Енді қайттім? Сенен ұят болды–ау?
–Сен ғой әнші емессің, бірінің байын бірі тартып ала беретін. Сенің қай жеріңе қызығады а?
–Бәсе деймін? Депутатпын ба мен? Әлде, миллионермін бе?
–Әй, қайда барасың?
–Кофе ішіп келейін де...
Айттым ғой, мені дуалап қойған! Енді не істеймін, а? Ақыл беріңдерші, адамдар!

Мұхтар Шерім
830851

Мұхтар Шерім Жұмашұлы (Бүркеншік аттары: Жебе Садақұлы,Ратқұм МІРЕШ, МұхШЕР, Мен ғой... Жұмаштың жүгермегі.) .Республикаға танымал жазушы-сықақшы, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі.Шона Смаханұлы атындағы сын-сықақ байқауының бас жүлдегері.Бүгінде республикалық "АРА" газетінің арнаулы тілшісі. "Құдағи құшақтай береді", төрт томдық: "Кешіріңіз, сіз есек емессіз", "Талтайып тұрғым келеді", "Ымбаппа", Быт-шытыңызды шығарамын!" кітаптарының авторы.<…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер: