BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қайырымдылық

00:00 / 18:01

Адамның күні адаммен дейді Халқымыз...

Соңғы күндері қарыз сұратқан бір жағдай ойымнан кетпей қойды.

Осыдан шамасы бес, алты жыл бұрын болуы керек, ол кезде Қасық аталған ауылдан Зейнегүл әпке телефон шалды. Қыс ортасы болатын. Көмірінің таусылғанын, ала қоюға қаражаттың да, аудан орталығынан әкелетін көліктің де жайы болмай, титтей жиендерінің мұздап жатқанын айтты... Ол кезде қазіргідей смартфонмен аудара салатын мүмкіндік жоқ, поштамен салсаң бірнеше күн жүріп барады. Не істеу керек? Әпкеден ауылдарының Әкімінің телефонын, аты-жөнін сұрап алдым. Уақыт түн іші еді... Телефонмен танысып, жағдайды айттым. Ауылдарына барған заман міндетті түрде ақшасын қайтаратынымды, ал қазір бір тонна ма, жоқ бір машина ма, әйтеуір әпкеге көмірмен көмек беруін өтіндім. Әбдібаев Айтжан Башанұлы деген иманды адам екен, жақсы, уайымдама деді.

Әкім уәдесінде тұрды. Тек Зейнегүл әпкеге ғана емес, ауылдағы көмірге мұқтаж бірнеше үйге көмір түсіріп беріпті, Алла разы болсын, қабыл қылсын! Тек біз қос медресе құрылысынан қол мүлде босамай Әлжан Ана атын алған сүйікті ауылға әлі жете алмадық... Сол айтылған уәде, мойынға алған қарыз Жаңа Жылда еске түсіп, Әпкеге телефон шалдық. Сөйтсек Әкім зейнетке шығып кетіпті, Әкімдікке қоңырау шалып, үйінің номерына телефон шалдық... Өзі жоқ, жары үйде екен. Жағдайды айтып, кешіккеніме кешірім сұрап, қарызымды есепшотына жібермекке адрес сұрадым... Сіз қарыз емессіз, бізді ұялтпаңыз, ештеңе салмаңыз деген жауап алдық... Күнде ертең деп жүріп, арада жылдар заулап өте шығатынын ескермеппіз... Әкімге Алла разы болсын! Қателігіме баспасөз арқылы кешірім сұрайын деп шештім... Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын дейді, рахмет Нағашы!

Ал Әпкемізде бүгінде иншалла, еш проблем жоқ десе де болады. Көмір жағуды ұмытқан, газ тартылды! Ескі үйін жиені, кәсіпкер Назарбаева Әнипа Әбішқызы барып, бұзып тастап, жаңасын салып, ішін заманауи жасақтап берді. Бүгінде Аллаға шүкір еткен Зейнегүл әпке өз үйінен ешқайда шыққысы жоқ, себебі қала пәтерлерінен артық болмаса кем емес жағдай жасалған. Өзіне де, жиендеріне де! Өзі өз бөлігінде бүгінде көбейген сәлем беруші меймандарды қарсы алады, ал бұрынғы ескі үйі жаңартылып, қайта салынған, онда қызы жиендерімен алаңсыз тұрып жатыр. Газ, су, канализация, асфальт ауылдықтардың бәріне де жеткізіліпті, керемет! Алланың құдіретімен Зейнегүл хажыға, ауылдарына Әлжан Ана есімімен бірге Тәуелсіз Қазақстанның құт-берекесі бірге еніпті! Мемлекетіміздің ауылдарды ауыз сумен, жолдармен, мәдени ошақтармен қамтамасыз ететін Нұрлы жол картасы бойынша қыруар жұмыс жүзеге асырылыпты!

Алтын құрсақты Ана туған ардақты ауыл жерлестерінің аруағына, оның Тәуелсіз Қазақ Мемлекетін құрып отырған ұлына риясыз көңілмен разы, Әкімдері, Халқы Ел көркін келтіріп, Туған Жердің құт-берекесін еселеуде, Мешіттеріндегі Саламат Имамдары Астанамен Әлжан Ана ауылының арасын дұғасымен қосып, хабарын үзбеуде! Шүкір, тәубе! Енді Әпкелерге алаңдамайтын болдық, тек тойларға, Мәулітке шақырған қуанышты ақпарат қана уатсабпен келіп, жетіп жатыр... Елменен бірге біз де ақырындап, құрылысымызды көтеріп келе жатырмыз... Алла қаласа ашылуында баршамыз амандықта жолығармыз деп үміттенеміз! Ассаламуғалайкум!

Айша Әбішкеліні
120407

Айша хажы.19-шілде 1956 жылы Қазақ Елінде дүниеге келген.
«Айша» Қоғамдық Қорының жетекшісі.
Қазақ Мемлекеттік Университетінің Журналистика Факультетін 1983 жылы бітірген. Аудандық газеттерде тілші болып, еңбек ете жүріп,1983-1990 жылдар аралығында көктемде қыздар звеносын басқарып, К-700 тракторымен бидай сеуіп, күзде СК-5 Нива, кейін Енисей-1200 комбайндарымен егін орып, астық бастырған. 1990 жылы айтыс айтыс ақыны ретінде Көкшетау қаласына ауысып, облыстық Өмірбаян

Ұқсас сілтемелер: