BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Семей қаласының гербі (герб города Семей)

2016 жылы 14 қыркүйекте Семей қаласының әкімі Е.Б. Салимовтің №84 өкімімен әкімдіктің сайтында қаланың гербіне, туы мен гимніне арналған ашық байқау жарияланды.

ОБЪЯВЛЕНИЯ
о конкурсе на определение Гимна и эскиза Герба и Флага города Семей

14.09. 2016 г.

1. Условия и порядок проведения:

1.1. К участию в конкурсе допускаются граждане Республики Казахстан любого возраста; за лиц, не достигших 18 лет, заявку на участие в конкурсе подают законные представители. Работы представляются на конкурс в сроки, определенные настоящим положением.
1.2. На конкурс представляются тексты в стихотворной форме, музыкальные произведения и эскизные работы, выполненные на бумаге форматом А-4, а также на электронных носителях (мини-диск, CD-диск, флэш-носитель).
1.3. В Гимне, Флаге и Гербе города Семей должна быть раскрыта история и особенности города.
1.4. Работы должны соответствовать тематике конкурса.
1.5. Требования к оформлению конкурсных работ: все работы должны быть снабжены этикеткой (7х3 см, в правом нижнем углу крепится на лицевую сторону).
Этикетка включает:
а) фамилию, имя автора (соавторов),
б) город, населенный пункт,
в) контактный телефон.
1.6. Конкурсные работы направляются по электронному адресу ovp_semey@mail.ru или по почтовому адресу оргкомитета: г. Семей, ул. Интернациональная, 8, ГУ «Отдел внутренней политики города Семей ВКО» каб. 302 либо доставляются нарочно.
1.7. Сроки подачи конкурсных работ для участия в конкурсе: до 21 сентября 2016 года.
1.8. Защита проектов - 22 сентября 2016 года.
1.9. Для оценки конкурсных работ оргкомитет формирует жюри, состоящее из специалистов данной сферы (музыканты, художники, искусствоведы, дизайнеры, историки).

2. Критерии оценки представленных работ

2.1. Отбор и оценку конкурсных работ на конкурс осуществляет жюри по следующим критериям:
- отражение тематики конкурса и соответствие условиям конкурса - высокий эстетический уровень работ (стилевое единство исполнения, дизайн);
- новизна и оригинальность замысла.

3. Подведение итогов конкурса

3.1. Жюри оценивает конкурсный материал в соответствии с критериями оценок.
3.2. Решения жюри оформляются протоколом.
3.3. Имена авторов-победителей будут озвучиваться при проведении культурно-массовых мероприятий с применением символов города.

Оргкомитет

Осыған орай, 24 қыркүйекте Ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Садырбаевтың төрағалығымен байқауға қатысқан жергілікті суретші-дизайнерлеріміз өлкетанушы, тарихшы ғалымдар мен әкімдік (сәулет, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің) қызметкерлерінен құралған комиссияның алдында өз жобаларын қорғап, бақтарын сынады. Нәтижесінде, менің суреттік жобам ақтық сынға жолдама алған болатын.

Семейдей тарихи қаланың кешегі жүріп өткен жолы мен бүгінгі заманауи жетістігі айшықтала бейнеленгендіктен, комиссия мүшелері менің жұмысымды бірауыздан "жеңімпаз" деп таныған еді!

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕРБІНЕ БЕРІЛГЕН ТҮСІНІКТЕМЕ

Гербтің киіз үй пішіндес дөңгелек немесе шеңбер тәрізді болуы - оның ішіне кірген белгілердің ғұмыры "мәңгілік болсын" деген асқақ ойдан туындады. Өйткені біздің ұлттық түсінігіміздегі шеңбер - "шексіздік немесе мәңгілік" деген мағынаға ие. Ал Көк түс - ашық аспан түсі. Бұл геральдика (геральдика - гербтер туралы ғылым) тілінде - адалдық, сенімділік, үміт деген ұғымға саяды. Ежелгі түркі халқы үшін «көк» сөзі - аспанды, ал көк түс - қасиетті түстің символдық белгісі. Күн - (геральдика заңдылығында) тіршілік жарығы, жылылық көзі дегенді білдіреді. Егер киіз үйді жоғарыдан төмен қараса, онда шаңырақ күнге, ал уықтар оның сәулелеріне ұқсас екені анық байқалады. Халық санасындағы "фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы" да осы бейнеден өз көрінісін тауып тұрғандай әсерге бөлейді. Ал күлдіреуіштер арасындағы төрт бөлікке түндік ішінде ашылған кітап пен қауырсын, жеті тас мешіт және бас жібімен қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) бейнеленген. Бұл біздің төрт құбыламыздың тең екенін көрсетеді. Кітап және қауырсын - Семей қаласының ұлы ойшылдар елі екенін білдіреді. Семей қаласы - елімізді барша әлемге танытқан дана Абайдың, Шәкерімдей шежіренің, Мұхтардай алыптың Отаны! Жеті тас мешіт - қаламыздың ежелгі тарихи орынында салынған жәдігерлерінің бірі. Қос өркешті түйе - алыс жол жүріп келіп дамылдап тұрған және ғасырлар жүгін арқалаған дала кемесі атанған түйелерсіз "Ұлы Жібек жолын" көзге елестету еш мүмкін емес. Семей қаласының Ұлы Жібек жолы үшін аса маңызды рөл атқарғаны тарихтан аян. Және ол маңызын қаламыз ешқашанда жоғалтқан емес, өз тарихын ешкімге ұрлатқан емес! Шаңырақты айналып ұшқан жеті қарлығаш Алаш ұрпақтары арасындағы "мәңгілік татулықты" білдіреді. "Семей" атауы гербтің төменгі жағына сары алтын түспен (алтын - байлықты білдіреді) жазылған. Бұл - қаламыз "алтындай бағалы болып жарқырай берсін" деген ізгі ниет пен ақ тілектен туындады. Қызыл түс - ошақтың, оттың түсі. Яғни шаңырақты пәле-жаладан отпен аластау, ошақтың жылылығын сақтау деген сөз. Жеті қарлығаштың шаңырақты айнала ұшуы да - ошағымызда, шаңырағымызда "мәңгі бейбітшілік болсын" деген ойды жеткізіп тұр. Қарлығаш саны - жетеу. Ал қазақы түсінікте "жеті" киелі сан болып табылады (Яғни, «Жеті ата», «Жеті қазына» , « Жеті жарғы», «Жеті қабат жер», « Жеті қат көк» және т.б. ұғымдары ата-бабамыздан келе жатқан қасиетті сөздер). Түйемойнақ аралындағы «Бейбітшілік» монументіне де осы жеті қарлығаштың қойылуы - халқымыздың қырық жылғы атом қасіретін жеңгенінің белгісі емес пе?

Ерлан Шаяхметұлы

Семей қалалық Мәдениет Сарайының қоюшы-суретшісі,

дизайнер

Айдын Ырысбекұлы
51678

АЙДЫН ЫРЫСБЕКҰЛЫ - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Сараптама Кеңесінің (ЭС) геральдист-сарапшысы, алаштанушы. 1971 жылы 7 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы), Ақсуат ауылында туған.

1986 жылы Қарғыба ауылының Ю.А. Гагарин атындағы сегіз жылдық мектебін, 1989 жылы Ақсуат аудандық №17 кәсіптік-техникалық училищесін «Кіші мал дәрігері» мамандығы бойынша, 1995 жылы Се…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер: