BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күздің соңғы күнінің ызғарын-ай...

Күздің соңғы күнінің ызғарын-ай...

Күздің соңғы күнінің ызғарын-ай,

Алланың сол бұйыртқан тұз дәмін-ай.

Қырыққа да жеткізбей өміріңді,

Тағдырыңды маңдайға сызғанын-ай.

Көңілі көктем, жаны жаз жайдарым-ай,

Құздан құлап табаның тайғанын-ай.

Қапыда айырылып біз боздап қалдық,

Жаманатқа қимайтын айбарым-ай.

Құлының жылап қалды құндақтағы,

Қайғының орнады ғой зіл батпаны.

Ащы өксік кеп көмейге тығылып-ап,

Қиын болды жүректі сыздатқаны.

«Ақ жеңгем» деп жымиған қорғаным-ай,

Жап-жасыл боп қураған орманым-ай.

5 баланың қызығын көре алмай,

Іште кетті-ау шайнаулы бармағың-ай.

Алла жазды сабыр бер, Жаратқаным,

Өлілерге иман бер абат таңым.

Үміт сыйла жандарға жабырқаулы,

Көру үшін ғұмыр бер таң атқанын.

Осы екен ғой Алланың шырағданы,

Мезгіл жетсе солады шынар бағы.

Бәрі ақиқат жазылған Құрандағы,

Еске салар сұм ажал бір Алланы.

Қол жайып дұға қылдық Тәңіріден,

Кім қашар Жаратқанның әмірінен.

Арты жарық болсын деп дұға қылдық,

Шамшырақ жанып тұрсын қабірінен.

Әумин!

Гауһар Қожахметова
239420

Гауһар Асқарқызы Қожахметова 1965 жылы 5 тамызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, «Мақпалкөл»( бұрынғы «Жаңаталап») ауылында дүниеге келген.
1982 жылы аталмыш ауылдағы №117 орта мектепті бітіріп, сол жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1986 жылы бітіріп шыққан. Оның мектеп қабырғасында жазған алғашқы тырнақалды жырлары мен мақалалары аудандық «Жаңадария» газеті мен республикалық «…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер: