BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"ОрыStar в Шымкентте" комедиясы

НТК телеарнасында жүріп жатқан танымал жобаның екінші маусымы "ОрыStar в Шымкентте" деп аталады. Комедиялық сериал осы күндері Шымкент қаласында түсіріліп жатыр.

Оқиға сол қазақ тілін үйренгісі келетін Семен, Женя, Сергейдің Шымкенттегі "атақты" ұстазды іздеп барып, адасып, басқа адамдарға жолығып, тіл үйренудің бұрын соңды болмаған тәсілдеріне кездескені жайлы болмақ. Шымкенттің өзіндік диалектикасына үйрену, бірге қызмет істейтін Батыс Қазақстандық жігіттің батыстық диалектикасы таңдандырып, аспаз өзбектің "қазақша" сөйлеуі, тіпті бастықтың көмекшісі Любаның таза қазақша сөйлеуі бас кейіпкерлердің кейбір жайттарды түсінбей қызықты оқиғаға кез болуы осы сериалда тартымды, комедиялық сәттермен, жеңіл әзіл тілімен баяндалады. Қазақ және орыс тілінде болатын бұл телехикаяның көрермені қай тілде сөйлесе де түсінікті болады. Себебі, мұндағы орыс тілінде айтылатын сөздер әзіл-қалжың арқылы қазақ тілін үйрету мақсатына арналған.

Комедиялық телехикаяның режиссері Тимур Дулатов. Басты рольдерде Семен Махов, Евгений Шворнев, Сергей Закора, Асқар Наймантаев, Айдана Асқар, Ольга Спирина, Әбунасыр Серіков, Асылұлымбек Ахметов.

Телехикая НТК арнасы арқылы, осы күзде көрермен назарына ұсынылады деп жоспарланған.

Асқар Наймантаев
51086

1965 жылы, 17-маусымда, сағат таңғы 8-де, Әнуарбек Байжанбаев радиодан соңғы хабар оқып жатқан кезде шыр етіп дүниеге келіппі. Әке-шешем артист болған соң мен қайдан оңайын, қырқымнан шықпай сахнаға шығыппын, содан бері сол жердемін. Өнердегі стажым өзімнен 40 күндей ғана кіші. "Әкем" театрдан бастап, "Тамаша", "Терісқақпай", "Аққу-Гәкку", "Беймарал" театрларында еңбект еттім. Әлі де соларға қызмет жасап келемін. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында дәріс беремін. Айта беріп қа…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер: