BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Асқар Наймантаев

1965 жылы, 17-маусымда, сағат таңғы 8-де, Әнуарбек Байжанбаев радиодан соңғы хабар оқып жатқан кезде шыр етіп дүниеге келіппі. Әке-шешем артист болған соң мен қайдан оңайын, қырқымнан шықпай сахнаға шығыппын, содан бері сол жердемін. Өнердегі стажым өзімнен 40 күндей ғана кіші. "Әкем" театрдан бастап, "Тамаша", "Терісқақпай", "Аққу-Гәкку", "Беймарал" театрларында еңбект еттім. Әлі де соларға қызмет жасап келемін. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында дәріс беремін. Айта беріп қайтейін сол баяғы өздеріңіз білетін, көрген кезде күлетін Асқармын.