Мен қазақ эстрадасын тыңдай алмаймын, өйткені әндердің әуендері де, сөздері де өтірік. Әншісымақтар қалай ұялмай дәм тұзы жоқ өлеңдерді айтып тұра береді, түсінбеймін. Барлық әннің сөзі бірдей, мағынасы жоқ сөзтіркестері, әйтеуір біреуді сағынады, тынбай іздейді. Қай әнді алсаң да текст примерно мынадай болады: жаныма кел жаным, асыл бағым, арайлы таңым, арманым, жан жарым, асылым, ғашығым. Осындай арзан, мағынасыз сөз тіркестері. Ата бабамыз тілге бай, сөзге шебер болған дейді, бірақ біздің әншісымақтарды тыңдасаң қарның ашады. Өз міндетін дұрыс орындай алмайтын сорлы әншілер қазақтың беделін түсіріп бітті-ау.