Бұған дейінгі қазақ тарихы кеңестік идеологиямен жазылған
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
استانا:

Бұған дейінгі қазақ тарихы кеңестік идеологиямен жазылған


Қазақстанның ресми ғылыми тарихы КСРО кезеңінде кеңестік идеологиямен жазылды. Онда қазақтың табиғатына сәйкес келмейтін маркстік-ленидік ілім тұнып тұр. Кеңестік тарихта қазақ жабайы, өркениеті, мәдениеті, мемлекеті жоқ ел ретінде көрсетіледі. Ол түбірімен қате. Басқасыз айтасыз, кеңес тарихшылары кешегі Алтын Орда тарихын қазаққа еш қатысы жоқтай тақырып ретінде қарастырады. Менің ойымша «моңғол» ұғымының өзі қазақтың «мың қол» сөзінен шыққан. Тек, «моңғолдардың» түбі түркілік екендігінің өзі-ақ олардың бізге «бөтен» емес екенін айғақтап тұр. Одан арғы Түрік қағанаты Қазақстанның бүгінгі аумағында бой көтерген. Түркі қағанатының қарашаңырағы қазақ жерінде қалды. Сондықтан осы шындықтардың бәрін халыққа жеткізе беруіміз, жеткізе білуіміз керек.
Әрине, тарихышыларымыз мұның бәрін кеңестер заманында да, ел егемендігі кезеңінде де талай айтып келе жатыр. Бірақ, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, осылай жүйелі түрде айтылуы бірінші рет қолға алынып отыр.
Жазып алған Дәулетқали АСАУОВ
 

كوممەنتاريي