BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 376.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 427.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.75
استانا:

Шүкір Шахай

240040

13 маусымда 1966 жылқы жылы қасиетті қазақ жерінде дүниеге келгенмін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің жеке фотографы.

ЖАҢА ЖАЗБАЛАР

Шүкір Шахай    24 سەنتيابريا 18، 02:32
Астанаға 20 жыл. «Жан жүрегім АСТАНА» атты фотоальбом жарық көрді

Астанамыздың 20 жылдығына «Жан жүрегім АСТАНА» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) атты фотоальбом кітабым жарық көрді. «Сарыарқа» баспасында беттеліп, «Атамұра» баспаxанасында басылып шығарылды. Таралымы 3000 тираж.

50426 0
Шүкір Шахай    11 ييۋليا 18، 04:55
Астанаға 20 жыл. Көкпар

Астанаға 20 жыл, Көкпар. Суреттерді түсірген Шүкір Шахай

20744 0
Шүкір Шахай    07 ييۋليا 16، 12:12
Сарыарқаның зерлі тәжіндей...

«Астана бүкіл Қазақстан дамуының локомотивіне айналуы керек». Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

– Аңыз бен ақиқаттың арасын жақын­дат­қан құдіретті уақыттың өшпес ізін тамашалап, қы­ран қанатты еліміздің болашақ дидарын көз алдыңызға елестеткіңіз келе ме?
– Әрине, мүмкін болса.

21303 0
Шүкір Шахай    30 ييۋنيا 16، 06:10
Қас-қағым сәттің сұлбасы

Пай-пай, шіркін!.. Қас-қағым сəт! Шүкір өнернамасына тереңірек үңіліп, егжей-тегжейлі талда- мастан бұрын фото-өнерінің біздегі аяқ алысы, қанат жаюы мен дамуы бағытында аз-кем тоқтала кеткен жөн. Ə дегеннен басын ашып айтар жайт – қазақ фотожурналис- тикасына қай кезде де жеткілікті дəрежеде мəн беріліп, назар аударылған емес. Қызыл империя үстемдік құрған сұрқия дəуірде өгей баланың кебін киген қазақ фотожурналистикасы, жанкешті еңбектерімен тамаша өнердің көкжиегін кеңейтіп келе жатса да, əлі де көзден қақас қалып отыр.

Əр нəрсенің қайнар көзі, бастау бұлағы болады. Бұл – заңдылық. Фото- ның тарихы тым əріде, тым тереңде. О жағын ғалым-зерттеушілердің (егер тура осы саламен түбегейлі айналысып жүргендер бар болса) үлесіне қалдыра тұрып, өткен ғасырдың алғашқы ши- регінен көш тартар фототілшілер ту- расында аз-кем тілге тиек ету – асыл па рыз. Бұл жерде біз газеттер мен жур- налдарда жарияланған фототуындылар төңірегінде əңгіме өрбітпек ниеттеміз. Əрине, мерзімді басылымдар беттеріне берілген о кездегі фотосуреттердің сапасы сын көтермейтін. Сөйтсе де, рес публикалық газет-журналдарда фото лардың жариялануы елең еткізер құбылыс саналғаны мəлім.

20412 0
Шүкір Шахай    30 ييۋنيا 16، 05:49
Тәуелсіздік жылнамашысы

Шүкір Шахай Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласындағы Сырдария университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2003 жылы, Шымкент қаласындағы Қазақ гуманитарлық Заң университетін заңтану мамандығы бойынша 2006 жылы бітірген.

21335 0
Шүкір Шахай    30 ييۋنيا 16، 05:45
«Tүркістан-2016» фотоэкспедициясы: Оңтүстікте өткен үш күн

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында «National Geographic Қазақстан» журналы мен «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің кәсіби 15 фотографтан құралған халықаралық «Tүркістан-2016» фотоэкспедициясы жүріп өтті.

Оңтүстік өлкенің тарихи, мәдени нысандарын аралап, «Ақсу-Жабағылы» секілді әлемге әйгілі қорықтағы табиғаттың керемет көріністерін фотоға түсіруді мақсат еткен топ алдымен Шымкент қаласындағы Көркемсурет галереясында ресми түрде баспасөз мәслихатын өткізіп, белгілі фотограф Шүкір Шахайдың 50 жылдық мерейтойына арналған «Шүкір Шахай – 50х50» және «Ел мақтаныштары» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

11497 0
Шүкір Шахай    30 ييۋنيا 16، 05:05
Шүкірдің жары мен жанры

Шығармашылық адамына, жалпы өнер адамына тән негізгі қасиет – жан тазалығы деп білемін. Жаны таза адам ай­наласынан сұлулық, әдемілік, тазалық іздейді, әділет­сіздік пен жалғандыққа төзуге тура келген күннің өзінде, іштегі күйзелістен өз жанын өзі жегендей күйде болады. Бір қызығы, осы нәрселердің бәрі адамның бет-жүзінен аңғарылып тұрады. Оны байқау үшін, әрине, үшінші көз керек. Көңіл көзі! Қазақтың «Көңіл көрмесе, көз көрмейді» деп тұспалдауында талай сыр жатыр. Қазақ фотоөнерінің көрнекті қайраткері, бүгінгі таңдағы танымал фотошежіреші, Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі Баспасөз қызметінің Бас сарапшысы Шүкір ШАХАЙ туралы сөзді жан тазалығынан бастауымыздың да өзіндік себептері бар.

20449 0